Теміртауда бір топ адам жас жігітті 3 мың теңге үшін ұрып-соққан

Желіде Теміртауда жас жігіттің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Temirtau.times мәліметінше, оқиға 26 қазан күні сағат 21:30-да болған.
Бауырымды алты адам жабылып ұрып кеткен. Белгісіз біреулер оның үстіне шығып секірген. Мұрнын сындырып, құлағынан қан кетті, миы шайқалған, саусағы мен тісін сындырған. Олардың мақсаты – бауырымды тонау. Сондағысы небәрі 3 мың теңге үшін ғой. Байқап жүріңіздер, сақ болыңыздар дегім келеді, – деген жазба авторы.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті бұл жайтқа байланысты ешкімнің полицияға арыз түсірмегенін алға тартты.
Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер анықталып жатыр. Толығырақ ақпарат алдағы уақытта беріледі, - делінген мәліметте.
