Жаңалықтар

Теміртауда алып бала дүниеге келді

Сәбидің салмағы 5 келіден асқан
Теміртауда алып бала дүниеге келді
Фото: aikyn.kz 25.02.2023 06:40 2196

Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығында салмағы 5 келіден асқан сәби дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ortalyq.kz сайтына сілтеме жасап.

Акушерлік қызметте салмағы 4000 грамнан асатын балалар үлкен саналса, 5000 грамнан асатындары алып балалар тобына жатады.

Орталық дәрігерлерінің айтуынша, баланың салмағы 5055 грамм болып, табиғи жолмен дүниеге әкелді. Қазір анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы қалыпты. Анасы Баян Жұрманбетованың айтуынша, бұл төртінші перзенті. Үйде екі қызы мен ұлы күтуде.

Жалпы, салмағы үлкен балалардың тууы жиі кездеседі.

Былтыр үлкен салмақта 54 нәресте, алып салмақта 10 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде ең үлкен салмақ 6520 грам болды. Биылдың өзінде үлкен салмақты төрт  сәби дүние есігін ашқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға