Теміртау тұрғынынан 3 келі есірткі тәркіленді

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
17.03.2023 15:52
920
Астана полицейлері теміртаулық азаматтан 3 келі гашиш тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорданың ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесіп, Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы көлік тұрағынан 51 жастағы Теміртау тұрғынын анықтады. Жеке тінту кезінде рюкзактан жалпы салмағы 2,918 келі болатын сұр-жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакеті алынды. Тәркіленген есірткі затының гашиш екендігі анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ер адам УҰИ-ға қамалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қытайдан тауарды жедел тасымалдайтын пойыз іске қосылды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті