Жаңалықтар

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

«Нұрлы жол» вокзалындағы тәртіп сақшыларының қызметі
Темір жол вокзалында тәртіп қатаң
14.12.2020 12:49 6392

Көліктегі полиция департаменті «Нұрлы жол» теміржол вокзалындағы Желілік полиция бөлімшесі 2017 жылы құрылған болатын. Үш жылдан артық уақыт жұмыс істеп келе жатқан нысандағы бөлімшеде жедел, уәкіл, криминалист, патрульдік полиция қызметкерлері, кинологтар қызмет етеді. Жан-жақтан келіп-кететін қонақтар мен тұрғындардың тыныштығын күзетіп жүрген Желілік полиция бөліміндегі тәріп сақшыларының қызметімен танысып қайттық.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Бүгінгі таңда елордамыздың инфрақұрылымын дамыту арқылы жүк және жолаушылар ағыны ұлғайып келеді. Қаланың ішкі темір жол нысандарын дамытру құрылысына алдыңғы қатарлы иновациялық технологиялар пайдаланылуда.Вокзал ғимаратына кірген бойда, жаңа техника мен технологиялардың көптігіне көз жеткізесің.Шудан қорғайтын құрылғымен қапталған темір жол эскадасы қала көлігінің ағынына кедергі келтірмей, жолаушыларды жаңа темір жол вокзалына жеткізеді.Жаңа вокзал тіулігіне 35 мың жолаушыны өткізе алады.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Қазіргі таңда штаттық құрамы 36 қызметкерді құрайтын Желілік полиция бөлімшесіндегі тәртіп сақшыларының негізгі қызметіне қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жолаушылардың және қалаға келуші қонақтардың қол жүктері мен жеке мүліктерін ұрлықтан сақтау және қадағалау кіреді.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

(Суретте:Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция Басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ғалым Омарбеков)

– Бізде басқарма бойынша Криминалдық полиция, Әкімшілік полиция, Тергеу, Анықтау топтары және Жедел криминалистикалық бөлімшелері бар. Нұрлы жол және Нұс-Сұлтан вокзалындағы полиция бөлімшесі қызметкерлері күнделікті жасаққа түседі. Олардың қатарында кинолог, жедел криминалистік бөлімше қызметкері,жедел уәкіл бар, – деді Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция Басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ғалым Омарбеков.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Сұхбат барысында полиция полковнигі пандемия кезінде қылмыстардың азаюы байқалғанын айта кетті.

– Негізгі көрсеткіштер 35%-ға дейін төмендеді. Қазіргі таңда жыл басынан бастап басқарма бойынша 9 айда 3624 әр түрлі әкімшілік құқық- бұзушылықтар тіркеліп, соған байланысты хаттамалар толтырылды, – деді полиция полковнигі.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Сонымен қатар теміржол вокзалында қадағалап тексеру қызметі жұмыс істейді. Онда күнделікті келген жолаушылардың қол жүктерін, сөмкелерін тексеріп, заңға қайшы келетін заттар тәркіленеді.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

– Көбінесі пышақ, оқ дәрі неше түрлі суық қарулар тәркіленіп жатады. Ол осы біздің қызметкерлердің бақылауы мен қадағалауының арқасында орын алады. Сонымен қатар вокзал бойынша арнайы бейнекамералар орнатылған. Жолаушылар өздерінің салғырттығы мен немқұрайлығынан кей кездеріқол жүктерін ұмытып кетіп жатады. Бейтаныс адамдарға тапсырып кетеді. Сондай мәселелер орын алған жағдайда біз бейне камераларға жүгінеміз. Жиі осы камералардың көмегімен қылмыстар ашылып жатады. Жолаушылар пойыздарының ең негізгі тақырыптардың бірі – жедел тежеуіштер. Көбінесе жолаушылар пойыздарының немесе жүк пойыздарының бейтаныс адамдардың темір жолдың белгіленбеген орындарына өтуіне байланысты пойыздар жедел тежеуіш пайдалануға мәжбүр болады. Және де малдардың темір жолға шығып кетуіне байланысты теміржолшылармен бірігіп іс-шаралар өткізіп жатамыз. Негізі ішкі істер министрлігі тарапынан «Дәрмек», «Допинг», «Стоп трафик» және тағы да басқа жедел іс-шаралары жүргізіледі, – дейді Ғалым Омарбеков.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

1996 жылдан бастап Көліктегі ПД қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі көлік полицейі Ғалым Жұмашұлы:

Қала тұрғындары мен қонақтары жалпы әр адам өзінің қол жүгіне, жеке меншігіне абай болуы керек. Және де жол жүрген кезде бейтаныс адамдарға өздерінің қол жүктерін тапсырмаса екен дейміз. Өйткені темір жол вокзалында алаяқтар кездесіп жатады. Сөмкеңізді қарай тұрамын деп алып кету фактілері жиі орын алып жатады. Қазіргі карантинге байланысты жолаушылар ең бірінші карантин режімін сақтаса екен дейміз. Олар өзінің және басқа да адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін,– дейді.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Жалпы Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция Басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ғалым Омарбековтің берген мәліметінше жыл басынан бастап 3621 құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 51 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тыйым салынған орындарда темекі тартқаны үшін 311 азамат жауапкершіліке тартылса, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасынсыз жүргендігі жөнінде 10 жағдай тіркелген. 51 ұзақ құқық-бұзушылық тіркеліп, қоғамдық орындарда спирттік ішімдікті пайдаланған 338 азамат жауапқа тартылған.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Репортаж барысында Нұр-Сұлтан қаласы Желілілік Полиция бөлімшесінің Нұрлы Жол вокзалындағы желілік полиция бөлімшесінің Жедел криминалистикалық тобының криминалисті, полиция аға лейтенанты Айдос Қожахметовпен де әңгімелестік. Криминалист теміржол торабында жиі орын алатын қылмыстарды ашудағы криминалистің рөлі жөнінде айтып берді.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Темір жол вокзалдарында ұсақ құқық бұзушылықтар орын алып жатады. Негізінен криминалистердің жұмысына қатысты суық қаруды жиі анықтаймыз. Кейде вагондардың терезелерін сындырып кететін жағдайлар да кездеседі. Криминалистің қылмыс орын алған жердегі саусақ іздерін анықтайтын арнайы бояу құрылғылары болады. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Ер ол темірдің қасында ұрланған болса, онда оған магнитсіз бояулар яғни темірге жабыспайтын бояуларды пайдаланамыз. Ал егер де ағаш немесе пластмасадан болатын болса, ол кезде сажа немесе рубин ұнтағын қолданамыз. Біздің жұмыс жалпы болған оқыс оқиғалар орын алған жерлерде әр түрлі дәлелге қатысты түрлі фактілер мен мәліметтерді алу болып табылады. Ұрының ізінен басқа аяқ киім іздері болуы мүмкін. Оны анықтау үшін күнделікті гипсті пайдаланамыз. Бізде арнайы база бар. Онда адамдардың саусақ іздері мен бет-бейнелерін анықтауға мүмкіндік аламыз. Жалпы қылмысты анықтауда криминалистің рөлі үлкен, – дейді криминалист Айдос Қожахметов.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Сонымен қатар Желілік полиция бөлімінде кинологтармен бірге арнайы оқытылған иттер бар. Иттің бірі есірткі заттарын іздесеғекіншісі жарылғыш заттарын іздеуге арнайы оқытылып келген. Вокзалдағы кинология бөлімінде иттерге арнайы орын ,олардың тазалығын қамтамасыз тетін арнайы бөлме де орналасқан. Жалпы тәртіп сақшыларына барлық жағдай жасалған. Бөлімшеде қызметкерлердің тынығу бөлмесі,жиналыс өтетін зал, тазалық бөлмесі, асхана, тәртіпсіздік орын алған жағдайда күдіктімен жұмыс жасайтын қызметтік арнайы орын да бар. Және де тәртіп сақшыларына Полиция департаменті тарапынан қызметтік көлік те берілген.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Жаңа вокзал ғимаратның төртінші қабатына көтерілсеңіз полиция бөлімі бар.Онда ғимаратқа клегн ала тұрғындары өздерінң арыз-шағымдарын, өтініштерін білдіре алады. Ал өзге көлік сақшылары вокзалдың белгіленген аймақтарында тексеріс жүргізеді. Кезекші бөлімдегі полицейлер вокзал ғимаратында орналасқан камера мен желілік полиция бөлімшесіне арыз-шағыммен келген азаматтарды бақылайды.

Темір жол вокзалында тәртіп қатаң

Бірнеше сағат бойы Желілік бөлім бастығы мен оның орынбасары бізді вокзал аумағындағы полицейлердің жұмысымен таныстырды. Репортаж барысында вокзал ғимаратының ішкі және сыртқы қозғалыс тәртібі тәулік бойы бақыланатындығына куә болдық. Біз өз кезегімізде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген Желілік бөлімшенің тәртіп сақшыларының жұмысына сәттілік тілейміз!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға