"Темекіні айырбастау": Астаналық спортшылар ерекше акция өткізді

Фото: instagram.com/akimat__astana
Фото: instagram.com/akimat__astana
18.02.2025 03:19
381
Астанада спортшылар қала тұрғындарына темекі өнімін спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі елордада салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдетке қарсы күресу бойынша креативті бастамалар жалғасын тауып жатқанын атап өтті. Соның аясында шаһар аумағында ерекше акция өтті.
Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен кезекті акция өткіздік. Оның аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарды волейбол добы мен шахматқа айырбастауды ұсындық. Осы арқылы жастарды, қала тұрғындарын бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын, - деді тасжолдағы велоспортпен кәсіби түрде айналысатын Роман Хакимов.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматы Бейжіңнің қала құрылысы тәжірибесін зерттеп жатыр