Жаңалықтар

Телефон алаяқтарының жеке «курьерлері» бар

Телефон алаяқтарының жеке «курьерлері» бар
08.08.2023 09:07 1104

Қарағанды облысының полицейлері алаяқтарға жұмыс істеген “курьерді” ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

5 тамыз күні Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 75 жастағы зейнеткер арызданып келген. Жәбірленушіге өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреу хабарласып, қызының жол-көлік оқиғасын жасағанын айтқан.

50 жастағы қызының кінасы толық дәлелденгенін айтып, оны қылмыстық жауапкершілектен босату үшін ақша талап еткен. Кейін хабарласқан белгісіз азамат телефон тұтқасын әйел адамға берген. Оның дауысы жәбірленушінің қызының дауысына ұқсас болған.

Не істерін білмей қалған жәбірленуші үйінде жинаған 19 000 еуро және 14 700 АҚШ доллары барын айтқан. Сол кезде хабарласқан адам оның үйіне «курьер» келетінін айтып, ешқайда бармауын өтінген.

Жедел әрекеттер барысында Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні Астана қаласындағы банкоматтардың бірінде ақша салып жатқан жерінен ұстады. Оның 19 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екені анықталды.

Жігіт ақшаның қандай жолмен келіп жатқанын білген. Ұсталған сәтте күдіктіден 17 800 еуро және 115 000 теңге ақша тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға