Жаңалықтар

Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Фото: ҚР СИМ 09.07.2023 22:01 1330

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болып Бауыржан Қасымов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Бауыржан Қасымов 1978 жылы 31 шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген.

2001 жылы "Болашақ" Қарағанды өзекті білім беру институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін" Экономика" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастаған.

2007 жылдан 2009 жылға дейін - Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің, бюджеттік бағдарламаларды іскеасыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы.

2099 жылдан 2010 жылға дейін - Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы.

2010 жылдан 2011 жылға дейін - Қарағанды облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қаржы, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бастығы.

2011 жылдан 2013 жылға дейін - Қарағанды облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің бастығы.

2013 жылдан 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментініңи бөлім басшысы.

2014 жылдан 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Жезқазған бөлімінің басшысы – Қарағанды облысының мемлекеттік бақылаужөніндегі мемлекететтік инспекторының орынбасары.

2017 жылдан 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік бақылау департаментінің басшысы – бас мемлекетті кинспекторы.

2019 жылы - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі Техникалық реттеужәне метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы – Қарағанды облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекететтік инспекторы.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Қарағанды облысыныңбас мемлекеттік инспекторы – департамент басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға