Жаңалықтар

Тегін заң көмегіне кімдер жүгіне алады?

Бұл туралы Әділет министрі ақтөбеліктермен кездесуде айтты
Тегін заң көмегіне кімдер жүгіне алады?
Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі 29.01.2023 03:41 1523

Әділет министрі Азамат Есқараев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып,облыс тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында халық сот актілерін орындауға, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге, мұрагерлік іске, адвокаттық және нотариаттық қызметті жүргізу тәртібіне қатысты проблемалық мәселелерді айтып, олар бойынша Министр қолданыстағы заңнама аясында түсініктеме берді.

Сонымен қатар кездесуде министр заң көмегін көрсету саласындағы инновациялар туралы, атап айтқанда тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейту туралы айтты. Осылайша, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін заң көмегіне жүгіне алады.

Ведомство басшысы нотариаттық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген электрондық тіркеу енгізілгендігін атап, азаматтардың "Мемлекеттік корпорацияға" оларды тіркеу үшін қағаз құжаттармен жүгіну қажеттілігін болдырмайтындығын, бір жұмыс күнінен екі сағатқа дейінгі мерзім қысқартылғандығын алға тартты.

Атқарушылық іс жүргізу жөніндегі мәселелерге тоқтала отырып, А. Н. Есқараев азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде және қоғамдық орындарда орнатылған терминалдар, сондай-ақ Каспий банкі мен Қазпошта мобильді қосымшалары арқылы онлайн режимде берешекті төлеу мүмкіндігі берілгенін хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға