Жаңалықтар

Тегін оқыған грантты өтеуден кімдер босатылады?

Тегін оқыған грантты өтеуден кімдер босатылады?
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 26.02.2025 10:41 150

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов университеттердің түлектерін қорғау бойынша заңға енгізілген өзгерістерді айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті әріптестер, өздеріңіз жақсы білесіздер, осыдан бірнеше жыл бұрын маңызды норма қабылданды. Мемлекеттік грант алған түлектер оқуды бітірген соң сол мамандық бойынша 3 жыл жұмыс істеп, өтеуі керек. Өтемеген жағдайда грант сомасын бюджетке қайтаруы тиіс. Бірақ бізге мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған немесе І топтағы мүгедекке күтім жасап жүрген азаматтар өте жиі күрделі жағдайына байланысты өтеу міндетінен босату туралы шағым түсіріп жатыр. Соны саралап, қарастырып, заң жобасына арнайы норманы енгізіп отырмыз, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Депутат қандай жағдайда грантты өтеу міндеті қарастырылмайтынын түсіндірді.

Осыған байланысты заң жобасында мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған немесе І топтағы мүгедекке күтім жасап отырған түлектерді міндетті түрде еңбек өтеу талабынан босату туралы норма жұмыс тобында қабылданды. Және шетелдік оқу орындарына білім алу үшін түскен азаматтарға міндетті еңбек өтеу мерзімін оқу аяқталғанға дейін шегеру мүмкіндігін беру ұсынылып отыр. Егер ол бакалавриатты Қазақстанда бітіріп, магистратураға шетелге түссе, 2 жылға тиісті мерзім беріп, екі жылдан соң еңбегін өтейді, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға