TEDxYesil: креативті тарих
20 желтоқсан күні Астана қаласы, Ұлттық картиналық галереяда TEDxYesil конференциясы өтті. Конференция «Жаңа Қазақстан тарихы» аясында болды. Қазақстан тарихы, мәдениеті, технологиялар, бизнес жүргізу, әлеуметтік жобалар және т.б. секілді салалардың мамандары сөз сөйледі. Бұл әлемдік TEDx форматын негізге алды. Қоғамды өзгерте алатын тұлғалар мен идеялардан конференция қатысушыларға да қатты әсер ете алады. Осы ретте TEDxYesil спикерлері айтқан негізгі тұжырымдарды назарларыңызға ұсынамыз.
Ғалым Байназаров, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институты директоры кеңесшісі:
«Теңгені алғаш шығарғанда 1 доллар 4,75 теңгеге бағаланды»
Саясат Нұрбек, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институты директоры:
«Шет елде адам бойында өзінің құндылықтарын анықтау қажеттілігі туындайды»
«23 жыл ішінде қоғамдағы құндылықтар қатты өзгеріске түсті»
«Қазіргі жас ұрпақ меритократияға сенбейді»
«Жетістікке жету үшін адам өзінің тұлғалық құндылықтарын білуі керек»
«Қоғамдағы құндылықтарды өзгерту үшін бірнеше алғышарттар қажет. Олар: экономикалық капитал, әлеуметтік капитал, мәдени капитал»
«Мен 2004 жылы Италияда оқып жүргенде бірге оқыған итальяндықтар былай сураушы еді:
- Сіздерде ұлттық ойын, спорт бар ма?
- Əріне, бəйгеміз бар, Қазақ күресі, көкпар, көп ойындарымыз...
- Бəрекелді! Ал биылғы, немесе былтырғы чемпион кім еді? Ойын ережелері қалай екен, ең үздік шабыуылшы кім?»«Дәл осы секілді сұрақтар төл ана тілімізге, дінімізге, ұлттық ойындарымызға қатысты қойылды. Төл мәдениетіміз туралы жетік білмейтінімді осы кезде ғана түсіндім»
Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, археолог:
«Берел қорғандары 1998 жылдан бері зерттеліп келеді. Қазірге дейін 30 қорған қазылып алынды»
«Қорғандардың ең танымалы - №11. Ішінде ер мен әйел адам жерленген. Бір қызығы, әйел адам оның анасы»
«Қорғандар ішінен табылған бұйымдардың ешқайсысы қайталанбайды. Сол жәдігерлер арқылы қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтай аламыз»
«Қазіргі уақыттағы басты мәселе - Берел қорғандарын салған тайпалар мен қазақ халқы арасындағы байланысты гендік деңгейде дәлелдеу»
Санжар Кеттебеков, «ИКТ дамыту қоры» бас директоры:
«АҚШ-та қателік жасаған адамға сабақ алды деп қараса, Қазақстанда қателік жасаған адамға нүкте қоюға тырысады»
«Бір нәрсені бастау қиын. Ал сол бастаған нәрсеңізде жетістікке жету 1000 есе қиын»
«Біздегі стартапердің бейнесі: ешнәрсеге қол жеткізбеген, тек белсенділігі жоғары 3-4 курс студенті. АҚШ-тағы стартапердің бейнесі: 30 жастан асқан, бір салада кемінде 10 жыл тәжірибесі бар ересек адам»
«Бизнесті бастау – жақсы жағдайдан, қомақты жалақыдан бас тарту»
«Стартаптың болашағы идеяның сапасына байланысты»
Дияз Байсеитов, Назарбаев университеті технопаркінің директоры:
«Адам мен күн арасындағы байланыс өте берік. Күн белсенділігі артқан кездері ірі тарихи оқиғалар болып отырған. Күн біздің өмірде үлкен рөлге ие»
«Ғаламшарда пайдаланылатын барлық энергия – күн қуатынан келеді»
«Күннен келетін қуат көлемі Қазақстанда шаршы метрге 1500 ватт-қа тең»
«Қазақстанда арзан және таза энергия қорлары өте көп»
Балия Кенжеболатова, «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры:
«Қазақстандағы балалар үйіндегі атқарылып жатқан жұмыстар, әлеуметтік іс-шаралар, барлығы мәселенің тек салдары. Ал біздің мақсатымыз мәселенің негізгі себебін жою»
«Қиын жағдайға тап болған жас аналардың өздерінің балаларын тастап кетпеуге көндіру»
«Қазақстанда 54 балалар үйлерінде, 10 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Ол тізімге жылына жаңадан 800 бала қосылып отырады. Бұл тек әке-шешесі бас тартқан балалар, тастанды балалар тағы бар»
«Ұжымымыз 2013 жылы, Forbes журналына іліккен үздік бизнесмендеріміздің қолдауымен ашылды»
«Біздің жас аналарға берер көмегіміз: екі қабатты үй, тамақ, және кез келген көмектен тұрады»
«Бізден көмек сұраған қыздардың 50% үйлеріне қайта оралды»
«Көмек сұрауға келген қыздардың барлығының айтатыны: «Менің әке-шешемді білмейсіз», «ол мені үйден қуып жібереді», «сіз ештеңе түсінбейсіз». Ал, негізінде қыздарын алып кеткен ата-аналардың айтатыны: «Қызымның жанын аман-сақтап қалғаныңызға рахмет!»
Қасиет Омарова, «Аржан» Қоғамдық қорының атқарушы директоры:
«Әлемде 7 млрд. адам болса, оның 300 млн. жуығының көзі нашар көреді, соның ішіндегі 40 млн. адам мүлдем көрмейді»
«Сұлулық әрбір адам бойында бар»
«Өз ісінің қас шеберлері әрдайым уақытылы табылады»
Ақмарал Зықаева, Әнші, дыбысрежиссер, саунд-продюсер:
«Қазақ мәдениетін дамыту үшін, әрбір жасалған дүниені сәнге айналдыра білу қажет»
«Музыка – урбанистік музыканың тыңдармандары мен нағыз қазақи, ұлттық музыканың тыңдармандары арасындағы көпір!»
«Біздің ойымыз – қазақ халық әндерін басқаша, яғни Lounge стиліне өзгертіп, урбанистік музыка жақсы көретін кісілерге ұсыну»
«Қазақша ұлттық ән десе, ескі, ұсқынсыз нашар ән деген оймен келіспеймін! Оны да басқа урбанистік рок, рэп стилінде жасап шығаруға болады. Бар керегі жақсы өңдеу»
Аңсаған Мұстафа, суретші, графикалық кескіндеуші, блогер:
«Суреттерім арқылы қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көрсеткім келеді»
«Еңбектерім әлемнің 14 тіліне аударылған»
«Кез келген адам сурет сала алады. Тек үйренуге көп уақыт бөлуі керек»