Жаңалықтар

ТЕД дәрістері тарихындағы ең үздік көрсетілімдер

ТЕД дәрістері тарихындағы ең үздік көрсетілімдерді назарларыңызға ұсынамыз:
20.02.2014 10:33 10869

Ideas worth spreading» — «Таратуға тұрарлық идеялар» бұл ТЕД дәрістерінің басты ұраны. 28 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан дәрістерді білмейтін оқырмандар аз болар, десек те, біз өз кезегімізде сол идеяларды таратуға жұмыстанамыз.

ТЕД дәрістері тарихындағы ең үздік көрсетілімдер

         Төменде осы ТЕД дәрістері тарихындағы ең үздік көрсетілімдерді назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

Кен Робинсон мектептердің бала шығармашылығына қалай әсер ететіні туралы сөз сөйлейді — 14.9 миллион рет қаралған

Кен Робинсон — жазушы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы шығармашылық ойлауды дамыту саласындағы халықаралық кеңесші, сарапшы. 2006 жылғы өз дәрісінде шығармашылықты дамыту үшін білім жүйесіне жаңа өзгерістер енгізуді ұсынған.

 

Джил Боулт Тейлордың ғажайып тәжірибелік сабағы — 11.2 миллион рет қаралған

Джил Боулт Тейлор әлі ешкім ойлап көрмеген зерттеу жасауға мүмкіндік алады. Адам миының мүмкіндіктері қаншалықты зерттелген?

 

Пранав Мистри: Түйсікті дамыту — 9.9 миллион рет қаралған

Пранав Мистри — Samsungтің зерттеу лабораторияларының бірінде қызмет етеді. 2009 жылы TED India конференциясында  ол екі әлемді электронды және физикалық ортаны біріктірмек ойының қандай нәтиже бергені туралы айтты.

Пэтти Маэс  Мистри айтқан құбылысты әрі қарай аша түсті...  — 7.7 миллион рет қаралған

Пэтти Маэс — Америкалық MIT университеті жанындағы Media Lab зертханасының жетекшісі. Төрт жыл бұрын ол өз тыңдаушыларының бірі Пранав Мистридің айтқандарын кеңіте түсті. Айтпақшы, бұдан соң Google реалды әлем мен виртуалды әлемді тоғыстырмақ ниетте Google Glass атты жоба бастаған еді...

 

Тони Роббинс: Біз жасап жүрген нәрселерімізді не үшін жасаймыз — 7.5 миллион рет қаралған.

Энтони Роббинс — америкалық жазушы, кәсіпкер, жаттықтырушы әрі психолог. Forbesтің «100 ықпалды тұлға» тізіміне енген Роббинстің 2006 жылы жасаған дәрісі адам бойындағы «көрінбейтін күштерге» арналды.

Саймон Синек: Көшбасшылық қасиеттер туралы  — 7.5 миллион рет қаралған

Саймон Синек Appleдің технология әлеміндегі төңкерістерінің сырын ашады... Мартин Лютер Кингтің нәсілдік теңдікке қарсы төңкерісті қалай бастағаны төңірегінде сөйлейді... Саймон өзінің әйгілі «алтын сақина» теориясын жария етеді...

Брин Браун: Өзін өзі тану туралы... — 5.9 миллион рет қаралған

Брин Браун адами қарым-қатынас мәселелеріне арналған Хьюстондағы өте көңілді дәрісінде  өзінің терең пайымдауларымен бөліседі. Шын мәнісінде, сүйе білу – керемет!

Стив Джобстың Стэнфорд түлектері алдындағы сөзі — 5.4 миллион рет қаралған.

Стив Джобстің тұлғасы Appleдің иесі болуымен, Pixar және Next компанияларының басшысы болуымен ғана ерекшеленген жоқ. Стивтің ғажайып қасиеттерінің бірі, ол кез-келген адамды ойлануға мәжбүрлей алатын. Оның дәрістерінің ішіндегі ең үздігі 2005 жылғы Стэнфорд түлектері алдында өтті... Өмір мен өлім туралы, шешім қабылдаудың маңыздылығы жөніндегі әсерлі дәріс:

 

 

Айтпақшы: ТЕД дәрістерін қазақ тілінде тыңдаймын десеңіз, мынау сілтемеге өтіңіз, мархаббат! 

Slon.ru

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға