Тәжікстанда жер сілкінісінен бір бала көз жұмды

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
13.04.2025 19:40
771
Тәжікстанның Рашт ауданына қарасты ауылда жер сілкінісінен тұрғын үйдің қабырғасы құлап, үш жастағы бала үйінді астында қалып қаза тапты. Бұл туралы республикадағы Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпулері 5 балл шамасында болып, эпицентрі дәл осы ауданда болған. Рашт және Тәжікабад аудандарында кем дегенде 29 үй мен бір мектеп зақымданған.
Оқиға орнында құтқарушылар мен апат салдарын жою жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Кейінірек бұл аймақта тағы екі афтершок тіркелген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Есірткі жарнамалаған жезқазғандық сотталды