Тәжікстанда жер сілкіні тіркелді

Фото: shutterstock.com
Фото: shutterstock.com
09.05.2023 11:23
748
Төтенше жағдайлар министрлігінің «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстанда болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жер сілкінісі 9 мамыр күні Алматы уақытымен 07 сағат 47 минутта тіркелгені белгілі болды. Аталған сейсмикалық станцияның мәлімет бойынша, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 680 шақырым қашықтықтағы Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер қыртыстары дүмпуінің энергетикалық санаты – 11.0. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 120 шақырымды құрады. Сонымен бірге, жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Өзбекстанда президент сайлауы 9 шілдеде өтеді