Жаңалықтар

Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 16.08.2024 18:33 986

20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 20 тамызда Душанбе қаласындағы «Ватан» кинотеатрында қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтеді.

22 тамыз күні сағат 19:00-де «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысады.

Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын «Кохи Борбад» мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан «Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері» атты көрмесі ұсынылады. Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға