Тәжікстан билігі Қазақстаннан көлік кіргізуге тыйым салады
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
12.09.2023 18:13
914
Тәжікстанда Қазақстаннан ескі көліктерді әкелуге тыйым салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шектеу 2013 жылға дейін шыққан көлік құралдарына қолданылады.
Тәжікстан ауаның ластайтын, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін ескі көліктердің әкелінуіне, сондай-ақ, ескі көліктер қалдықтары санының артуына жол бермеу үшін арнайы Жарлық дайындады, - деп хабарлады "Қазстандарт" өкілдері.
Жарлық Тәжікстанда 2024 жылы 1 қаңтарда күшіне енеді.
Айта кетейік, 2005 жылдан бастап "ҚазСтандарт" базасында саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Ақпараттық орталық жұмыс істейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға