Тәжікстан аумағында тағы да жер сілкінді

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
09.06.2023 13:34
848
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 9 маусым күні сағат 10:43-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 655 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы – 4.0. Эпицентр координаттары – 37.93° с.е. 73.45° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
