Жаңалықтар

Тажал

Табыл Құлыяс
28.10.2016 06:41 10529

 Тажал 

 Пролог орнына

 Астананың асфальт төселген көшелері жеңіл-желпі делінсе де жылда жөнделеді.Жол мамандарының отбасына оралып жататын, құт боп құралып жататын табыс.Жұмыстағы ала-шұбар олқылықтарды көрсең дамыған елдерде жолды он-он бес жылға дейін шыдайтын етіп,несие шығын шығармайтын озық тәсілмен салады.Бізде ондай болса жолшылар жұмыссыз қалатындай көреміз.Содан да сорақы жемқорлық деген пәлеміз қарынға жабысқан талақтай жабысып алған, сыбайластарымен біте қайнасып табысып алған.Қоғамда көбіне аңғарыла бермейтін, сезіп қалсаң жаныңнан безіп кететіндей тажалдардың қимылы жалғыз-жарым деп жиі-жиі ондайға көңіл бөлмейтін көңілшектігіміз де бар.Шет елдік кейбіреудің ішімізге кіріп ынтығып отырған құпиясын да жеріне жеткізіп зертеуге дағдылы селқостығымыз кездеседі.Аллен Даллестің «Соғыс не бейбітшілік» кітабындағы АҚШ-тың басты мақсаты бүкіл әлемді билеу болса, оның қилы-қилы жолдары жұмыр жердегі халықтарды рухани бейшара, байғұс етіп, адамгершлікті мүлде ұмытырамыз,деген қағидалы сөзінің шындығын әлем халқы түсінгені қашан.Әлемдік бүкіл ақпарат құралдары, киностудиялары азғындықты жарнамалып келсе, соған ылыққан біздің елде де қылмыскер тажалдар көріне бастады.Кісіліктен азғындау тамыр-тамырға тарап барады.Кейбіреудің жанжүйесі опасыздықты, зұлымдықты түйсінер емес.Жұғымсыздықтың бұғауының зиянын естіп, біліп, көріп жүріп, жамандықтан қортынды шығарып безінуді кешең ойлау-ұлттық ұлылығымызды түсініп, бағалаудың жетімсіздігінен деп қаласың.Өзгенің жамандығын қайталайтын қанішер, қансорғыш тажалдарды бүкіл халық болып жариялы түрде жазалауды ұғынатын мезгіл тықыр салды.Кіслік қасиетіміз Алланың бергені, оны пенде тірлігінде кіршіксіз сақтауға тиісті, тажал атанып замандасына мазақ болудан естілер басын алып қашуының қажеттілік күні туды...

                                                            Зәлімдер жүр тісқаққан,

                                                            Ібілістей ұстатпай.

                                                            ................................

                                                             Түн ұйқымды төрт бөлдім,

                                                             Жұртымды жөнге салам деп.

                                                                          Жиембет жырау.

 

                Е Т І К Т І Ң  Д Е   Қ О Н Ы Ш Ы   Т Е С І Л Е Р

 Әркімнің құлағы бар, басында прожектордай жарықарап тұратын көзі бар.Жайын ауызындай болмаса да ындынға байланысты қызмет етуден жалықпайтын ауыз бар. Асқабақтай басқа да, шақшадай басқа да бұйырғаны тыныс алуға, ол-пұлды реті келгенде иіскеп қалуға жаралған мұрын бар.Әйтеуір, аман-саулық сұрасқанда бас аман ба? -деп жатады.Онысы жөн ғой, кейде бас істемей тормоз бергенде аяқ сорлыға күш түседі.Сондықтан бастың ми тамырлары  қатып қалмай, не күйіп кетпей белгілі қызулықты ұстауы керек.Оныңыз көңілдің көбіне көтеріңкілігіне байланысты. Әсіресе  орынтақ иесіне кейде серіге де ұқсап, зұлымдық есіңе оралса періге де ұқсап бағасың. Сөзіңді ешкім жерге тастамасын десең кейде ыңылдап болса да әндетіп отырып пасық пікіріңді жасыруға тиістісің.Біздің айтқалы отырған кейіпкеріміз Барғанбай той-томалақта бастық болғасын алғашқы сөзін де, әнінде өзі бастайды.Қисынсыз қисық сөзі аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққандай, жаныңа түрпідей тисе де, шырағым байқап  айтпайсың ба? деп ешкім тіл қата алмайды.Бастыққа кімнің батылы жетсін.Өйткені, Барғанбай кеңшарды адамдарымен бірге жекешеленіп алды.Шаруашылықтың табыс қазанының төрт құлағын бірдей ұстап ешкімді былқ еткізбейді, бай десең бай, басшылыққа мамандығы сай, қорғаушысы дөкей деп жұрт жүрді.Сондықтан түрлі жиында қандай әнді де породияласа да біреулер күлгісі келмесе де күлкімен басышының көңілін бірлеп тастайды.Айтпақшы, ән айтар алдында жұқалап жұтып алады.Жұтқанда да кесеге құйдырып жайын ауызға бірден құяды.Кеңірдектен өткен арақ қарынға жайғасқасын қышқылға қышқыл қосылып еркін сілтетеді. Сөзге дес бермейді.Міне, осындай үшінші тамызда Михайловка ресторанында шалқыған отырыс қызды.Бір ас бір асқа орын беріп арақтың басыртқысы тамаққа әбден тойынды. Қара торы өңіне шып-шып тер шықты.Оның үстіне ресторан іші қапырық ыссы еді. Жан-жағына көз салып жұртты шоли қарап еді, біреулер әбден масығып шатақ іздейтіндей көрінді. «Іше алмайтындар-ай, оңқа ойын бұзады, тентек тойын бұзар» деп әлгіге жақтырмай кіжініспен қарады.Барғанбайдың қарынына түскен арақ тажалдай арбап еді, ана бір үстелде отырған жігіт көзіне оттай басылды. О да тани кетті де ұшып тұрып Барғанбайдың қасына жетіп келді.

  -Бәкесі, бір ауылдың көкесі, біздің үстелге жүріп рюмка түйістірелік.Мен де бір мекемені басқарып жүргендігімді білесіз.

  -Финанс жағы ма?

  -Қайжағы болса да кейбір сәттер де «шатырлыққа» жарап қалармыз.

  Оның жұмсақ және дәлдеп сөйлеуі қара тасты да жібіткендей түсініп Барғанбай орнынан тұрып жігіттің құрметін көруден тартынбады. Шатырлық көлеңкемнің жақсылығын көруге болады дегесін қай басшы қылмыстан тап-таза болсын, қуды қу тапқандай іше түсуге көңілшектеніп кетті.Тиісті құжаттар толтырылса ойда жоқ, сайда саны, құмда ізі қалмайтын кәсіпорындар арқылы да біраз қаражатты айналдыруға болатынының жөн-жобасын түсіністі.

  -Екі жақсы өле-өлгеніше дос болады дегені, бүгінгі кезеңге дәл келіп тұр.

  -Екі достың арасында дәнкерлікке буда –буда қаржы жүрсе тіпті жақсы.Біз кеңес заманында стат мәліметі бойынша ең соңғы орындағы кедей ұлт едік.Енді байлықтың билігі өзімізде шылқып байып, аспандап қанатты жайып шығамыз,-деп Дүрбай қоңыр көзін күлімдетіп стақанға арақты құйды мөлдіретіп, қандай істі де қолма-қол шешетіндей ойын жалғап:

 -Табыс табудың дұрыстық жолын ұғамыз. Көлеңкелі бизнестің өзі ірілі-ұсақты кәсіпорын иелерін жарылқап жатыр. Алматыда осындай жекеленген елу өндіріс болса, кемінде соның отызы көлеңкелі табыстың заң орындары ұқпайтын, тиынына дейін салыққа есептеліп шықпайтын құпия тәсілін меңгерген.

  -Дұрыс, бауырым менде бір шаруашылықтың жері, мал, мүлкі, адамдардың жұмыс күші бар.Бизнесті кейбіреулер шет елдіктен үйренеді, онысы дұрыс емес. Қазақтың миы қай заманда да алғыр,-деп Барғанбай былайша айтқанда өзінің шаруасының мән-жайынан аздаған хабар берді.Бұл ресторан көбіне іскерлердің бас қосатын тамыр, таныстықты жалғастыратын жері болғасын осы кезде орта бойлы, қара торы, аузы толған алтын тістерін жарқыратып бір жігіт келді де:

  -Бәріміз бір қазақпыз, Барғанбай әкесі? Дүрбай көкесі біздің үстелден дәм татыңыздар. Қойдың басы, қымыз, шұбат күтіп тұр,деп Барғанбайға жылы жүзін тұтас аударып: «Сіздің қайырымды жүрегіңіз, аппақ көңіліңізді сыртыңыздан естіп қанықпыз. Сіздей аға болса біз сықылды інілерің құл базарын жағалап жұмыс іздеп  зарықпайды.

 -Інім тіліңнен бал тамады екен.Бір айтқыш қонаққа шақырса бар, жыланша шақса қаш деген екен, баралық.Сөйтіп, дәмнен үлкендік жоқ, басқадай дәлел айту жараспайды.

  -Коньяк құйылды, бас тартылды, ауыздың қайда екенін әзірге қол біледі, сыбайлас сырластың қайда екенін жүрек сезеді.Өмір болғасын қарынға қызулы ішімдіктер қонғасын әркім айтайын дегенін айтады, өз бойына өлшенген кісілік пен кішілік табылады. Билігі, байлығы тең адамдармен тең сөйлеседі, таныстықтан басталатын жол көбіне кеңіп түрлі-түрлі істерге бастайды.Рюмкілер сылдыр қағып тостылар көтерілді.Осы кезде Дүрбайдың қалта телефоны қоңыраулады да рұқсат сұрап , кейін хабарласуға уәдесін айтып шығып кетті.Одан кейін Барғанбай әбден бабына келіп:

 -Інім өзіңе неше қой керек. Тек қана ұқсата алсаң болды деді де әдеті бойынша ыңылдап ән айтқысы келді.Дастархан басында ән айтып, көңілді отыру біржағынан кісілік борышқа ұқсайды. Сондықтан Барғанбайдың өзінің үніне үйлесім табатын әні бар.

                         Тәңірберген Барғанбай,

                          Әнге жарлы болса да,

                          Сайрайтұғын тілге бар.

                          О, Барғанбай, Барғанбай,

                          Тойып алған кезінде,

                          Жер-су баспас жорғадай, -деп билігі бар болғасын еркіндігін ұқтырғандай еді.Шынында маңызды әңгімелер айтылды, көңіл көтерілді,төгілді, құр әншиін отырысқа ұқсамайды. Тұқырта айтқанда ішімдік жеңе бастады ма, денесі ауыр тартқасын мына жігіттің ішелік деген өтінішінің керегі болмай, аздаған ақылы үйіне аман-сау жетуді ойлады.Өзінің жекеменшік қымбат автокөлігіне отырып оны игеруге де қайрат керегі түсінікті.Ағалап отырған жігіт қолтығынан демеп автокөлігіне дейін жеткізді.Рюмкілесі жаныңа отырып бірге барайын деп еді,Барғынбайдың қисық мінезі ұстап:

  -Өзім жол таба алмаймын ба, зыт!Ана даяшылармен есептес-с,-деді де шылымын тұтатып автокөлікті от алдырып бір сәттік отырды да жылжып кетті.Кенет көзі қарауытты да, аялдамада тұрған кедейлерді басып кете жаздады. Осы кезде милицияның ысқырығы естіліп қалды.Тежегішті басты, тоқтады. Полиция лейтенанты жүзі сұрланып жетіп келді.

                            Тәңір берген Барғанбай,

                             Полиция  алдында,

                              Бас білетін жорғадай болса да, автокөлік құжатымен қоса суырып алған бір буда ақшаны жанына қойып, аздап қызуы тарап: « Мені танисың ғой, кеңшардың басшысымын... Тілім күрмелмейді, достармен аздап іштік. Арақты үнемі тоя ішіп жүретін ақымақтыққа қосылмайтын шығармын.Тәртіпті талап ету, заңды бағала деу дұрыс. Сөйлеген сөзде тегін емес екенін түсініп мына бір қағазды...Полиция үнсіздікпен бума ақшаны жамбасына басып кеңсеге баралық деп әмір етті.Амалсыз...пара ұсынды деп пәлелесе қатаң жаза күтетінін ойлады. Дүрбай ұйымдастырды ма, әйтпесе табан астынан шыққандай полиция қалайша кездесе кетті..

  Ей, жұртты аузына қарататын адамның да кейде жолы болмай жатады. Сыбайластардың да бәрінің бірдей ниеті адал болады да қалады деймісің. Ондайды қазақша айтқанда: « Байқамасаң етіктің де қонышы тесілер» деп өкініш білдіресің....

               Т А М А -  Т А М А  К Ө Л  Б О Л А Д Ы

  Тазша әлгіндегі нөсердің астында қалып, малмандай су болды. Денесі дірілдеп, өңі бозарып, бетіндегі әжіміне дейін тереңдеп, қатты қиналса да жерге тамған тәңірдің нұрына қуанып еді.Сөйтіп, сүрініп, қабынып жүріп таудай түйені қасықпен суарып әлекке түсіп тұрған қыл мойын, шот маңдай, қазан бас, талтақ, кәдімгі ергежейлі тәрізді адамның жанына келіп таңырқап тұрып:

  -Нөсер қатты өтті...Айтпақшы атың кім?- деп еді, анау өз қорасында қатты шақыратын қораздай қомпиып, жүріп-тұруға ыңғайлы денесін қозғап:

  -Тәйт, түйемді үркітесің,-деп басын шыдамсыздана сілкіледі.Сосын текенің сақалындай кеңірдегінен шыққан бір уыс қыл-қыбырды сипап: «Менің атым Сараң.Оу, темір жеуден чемпион атанған жер бетіндегі жалғыз мені білмейтін өзің кім боласың?-деп Сараң сала-құлаш тілін жылмаң еткізді. Апыр-ай, сана-сезім қажыған кезде, таза суға зарыққан кезде пендеде неше түрлі қабілеттің араны ашылатынын Тазша талай көріп-білсе де мынаның темірмен қоректенетін сырын ашқысы кеп:

  -Е, баяғыда бәстесіп екі тонналық машинаның темірін жейтін Америкадағы азаматым-ау, есімің қазақшадан аумайды екен?-деп Тазша жалма-жан жыртық шапанының суын сығып, түбі тесік шелекті шүпілдете толтырып Сараңның алдына қойды. Оған сараң бүйірлей қарады да: «Өлген адам тірілмей ме? Оның үстіне «өлді» деп жариялап ұрлап әкетсе қайтесің.Адамның денесі толған қаржы, толған байлық, әр мүшесінің бағасы әлемде шарықтап тұр.Әлгі шортан балықтың өзі өлсе де тісі аман қалатындай бәрінде тірілтеміз! Ақша құдіреті сондай!».

  Екі қыршаңқы бір тоғайда кездескеніндей Тазша оның сөзінің  жібі түзулігіне сұғанақ көңілмен:

  -Бар мәселе сенің өлі, тірілігіңде емес, мына түйені қасықпен суарғаның ырымға жаман екен.Су мәселесіне миллиардтап қаржы бөлініп жатқанда мұның кісілікке жатпайды. Кәдімгі жылаған, сықтағандағы тамшыдай өнімсіз нәрсеге түйенің шөлі қана ма? Су қанша қымбат болса да кедейдің жекешелеген түбі түскен шелегімен суарсаң қайтеді. Сонда түйе жарықтық жер астынан дүмпуі көтеріліп он-он бес метрлік биіктіктен асқан жайықтың зәмзәм суын ішкендей мейірі бір-ақ қанады,-деді. Сараң иығын қиқаң еткізіп Тазшаның сөзіне күнбағыстай құлағын түре тосып тұрды да: -Е, жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық, дегендей бұл қасақана түйе.Жайық суын ішпеймін онсызда суы тартылып барады дейді. Социализмнің ой –шұқырына қарамай жүк тасып иығы ойылып қалған-ды. Адырам қалғыр қабырғасы арса-арса азып-тозып, жүдеп тұсада кінәмшіл. «Азғыр» жақтан құйын тұрса      денесі селкілдеп қара нар өлерінде боздап өледі деп боздағаны  сай-сүйегіңді шымырлатады.Боздауы тоқтағасын су берсем басқа ыдыстан ішпейді, жериді. Өйтпесе түйе деген бағасы кемитіндей көреді-ау шамасы. Онсызда «Қызыл кітапқа» кірейін деп тұрғанымен санаспайды, жануар.Сүгіреті қалып өзі құрып кететіндей апаттың төнгенін  мисыз неме қайдан білсін.Тұқымы азған сорлы күміс қасықпен су ішсе кәдімгідей сергиді. Бұлайша қызмет ету маған да жарастықты, тым сүйкімді.Жұмыссыз болсам да еріктілігімді түйіндеп елірем, пендешіліктің шекарасынан шығып желігем.

 -Желігіңді әйелің баспай ма? Неше балаң бар? Ертегіде бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс адам болды деуші еді.

 -Әкеме өлгенше ризамын. Сұңғақ бойлы қызға үйлендірді. Бойы ұзын екен деп едім, көп сөйлеме, төсек теңестіреді, ұрпағың батыр тұлғалы боп өседі. Бала жатынына тартады деді.Әкені ұл тыңдап, ананы қыз тыңдаған өткен заман қадірлі еді. Бүгіндері болса әйелсіз өтер едім.

 -Бойы қалай екі метр ме?

  -Күлдіреді екенсіз.Айтпақшы былтыр Ақтауда бойы ұзын, тұлғалыларға бәйге жарыяланды телевидениеде. Сонда менің он ұлым қатар тұрып бірінші бәйгені иеленді.Байраққа мына күміс қасықты алды. Үкіметтен бұрын түйе асырап отырғасын, жануар ауырса қасықпен суарып емдеп аламын.

  -Оның әлемге айта жүретін оқиға екен.Апыр-ай,ә! Осыншама жұмысқа діңкең қалай құрымайды. Сенен өзгелер қасықпен жиған байлығын шөміштеп лық еткізіп төге салады.Өзің жүдеп жадап жүрсең де осындай шыдамдылығыңа қайран қалатынымды айтам,-деді Тазша.

-Темірдей төзімділікті о баста меншіктеп едім. Оның үстіне марқұм шешеміз темірдің қиқымына жерік болыпты деседі.Бүгінгі әйелдер арақ, шарапқа жерік бола ма белгісіз ғой. Кім біледі болаттай беріктігім анамның жерік асына құмары қанғаннан шығар.Бір кіндіктен тараған үш ағайындымыз, сыңсыған халықтың ішінде жүріп желкеге қонжиып тұрып ит сарыса да мыңқ етпейді екенбіз.Жұрт үстінен түйе түгелі поезд жүгімен өтседе тырп етпейді деп мақтайды.Ауыз өздерінікі айта берсін.Солардың көбісі бос күбідей күмпілдесе де ұсынған қолы көкке жетпейді. Бұл түйе де өзім сықылды. Баяғыда әкеміз Американың түйесінің мойыны түп-тұзу, төрт-бес өркеші төрт-бес қаладай дегеніне бола халық жауы атанып еш қарсылықсыз кете барыпты. Содан бері есекті түйе, сиырды бие етемін, жан-тәніммен  мал бағып аласұрып алданып келем.Коммунизмде мал тұяғы қалмайды, мұнайдан ет, ағаштан сүт, май өніріледі дегенге сенбедім.Мінезімнің кейде қисықтығы бар.Бүгінде малдың да мың түрлі тұқымы, алмасып, жаңарды.Ақырында қасықпен су ішетін, тостақанмен шөпке араластырылған қағаз жейтін дәрежеге жеткіздік.Малың ашыққан жоқ па, десе газет оқып,сосын оны жейді дейміз.Ал мұндай бағымға көнбеген малды самолетке тиеп шет елге асырдық, етке өткіздік. Осындай алғыр ойымды және жомарттығымды әлемге үйретеміз, деп жар салуға жарайтын шығар.Әйтеуір,көршілерім нәсілі жаман десе де сиырым екі бұзау ( кейде оның төрт басы болады, патаму что, запасной), түйем екі бота тумайтынына шүкіршілік етемін. Өзгенің малындай емес, менің малымның тұқымы әзірге таза.Ал кейбіреулер түйе суаратын жалғыз қасығымды миллиондаған теңгеге сұраса да бермеймін.Ондай көп ақшаны иеленсем шет елге қашып кетем бе деп қорқамын. Туған жердегі аруақтан аттағанды Алла сақтасын, көп ақша керек емес.Үкімет аман,ал жанұямды мал асырап отыр ғой.Басты кемшілігім де бар. Біреуге қарыз бермеймін, қарыз алу, қарыз беруді ажал шығар деп сескенемін. Содан  мені Сараң атандырмағанда қайтеді, айтқыштарға мазақ керек,-деді.

  -Байқауымша қасығыңызда ерекше қасиет бар шығар тоғайтып тастайтын,-деді Тазша оның мүлде түсініксіз ойына орай.

  -Е, адам Менделеев кестесіндегі химиялық қоспалардың бәрін де ішкен асы арқылы денесіне сіңіреді. Ал мен тікілей темірмен қоректенгендіктен жұлы-жүйкем төзімді, әрі тосын істерді магниттей тартып алатын серпінді, сезімді.Өзіңде білесің жапон ғалымдары істен шыққан жүйке тамырларын алтынмен аптап, күміспен баптап жатыр емес пе? Нансаңыз мына қасықпен суарып тұрған түйем бір кезде есектей еді, суға магнит, темір тотығын көбірек қосып азықтандырғасын дәу түйеге ұқсап шыға келді. Шет елден келіп жатқан химиялық қоспасы мол азықты жей берсек бізде түйедей болып семіріп шығамыз. Ендігі ғылыми ойым мұны ебелекпен қоректендіріп тұқымы құрып бара жатқан, маса, шіркей етіп, оны пілдің құлағына орналастырамын. Сонда шіркейдей түйем мың жыл бойы өмір сүріп тарихта аты қалады. Әйтпесе, нарық жендеттері сойып тастауы мүмкін.Онсызда нені сойып, нені жойып тастамай жатыр.Сөйтіп, кеме жасаушы етік тігушіге таңқалатындай  менің есімімді де ғасырдан ғасырға сүйрейді.Олай етпесек түйенің тұқымы көзден ғайып боп тынады. Түйені жаралап тастайтын сонадан айырылғандай түйе тұқымы біржола күйрейді,-деген Сараңның сөзіне Тазша ден қойды да:

  -Дұрыс-ақ,тама-тама көлге айналады десек құрып кеткен Жайыққа құятын өзендерді,кеуіп қалған көлдерді түйенің қарнына орналастырып келесі ұрпаққа жеткізсек о да жаман емес,ә? Бізге керегі де осы тәсіл шығар,-деп түбі тесік шелекті орнынан қозғап қойды...

 -Алдағы мыңжылдығын да болжайтын, оған күллі жұрт құлақ қоятын білгір Даналар сол әлсіз тобырдан шығады деп түбі тесік шелекті енші етпексің бе?-деп Тазша айтқысы келседе айтпады. Себебі табиғат пен тірлік ететін адамдардың өткен, кеткен сырына қанығып қортынды жасау ақшаға, байлыққа тірелген кездің ауыр салмағы мүлдем қажытпаса жарар еді деген ойды меншіктеді.Ұлт Даналарының үні шала естіледі...қалталылардың бәрі данышпансып барады...Қазақ ұлтының табиғатына жараспайтын осындай қайшылықтар жетіп жатыр...

                    Қ Ұ Й Ы Н   Қ А Қ Қ А Н

 -Тірлігіңді талқандайтын, тұқымыңды құртып тынатын, түбіңе жетіп ажал арнайтын осы арақ болар. Құйын қаққан есуас неме?!-деп Абзал қарт болашағын ойлаудан қалған ұлына қатты айтып,тіпті ұлтымызға күмәнмен қарады. Айналасында көзсіз соқыр көп,айналасында маскүнемдіктен зар қаққан көп, бәріненде қорқынышты өзінің адам екенін ұмытып арақпен уланғандар жетіп жатыр.

  -Бүгінгі ұрпақ өткенін ойлаудан қалып шет елдің шатпағына көңіл аударып есі шығып жүр,-деді Тымыр. көше қоқысын салтын қол арбасын орнынан қозғап.

  -Сол арақ уына шалдыққандардың ұрпағы шығар.Емін-еркіндікті түсінуде ұлттық сезімі оянбаса қайтесің, деп көше тазалушының бірі сара бояулы күртешесінің түймесін салды да Қымырға қарады.

 -Әр нәрсенің өткені бар, тамыр тартатын адалдығы мен зұлымдығы, жақсылығы мен жамандығы бар. Оның бәрі бірден ап-айқын боп көріне қалмайды.Кеңес дәуірін тыңдаушыға анықтап айтқандай болсаң да бүгінгі ең түсініктісі ақша тауып тарықпай ғаламат өмір сүруді алдыңа тартады, деп Қымыр бастан кешкен оқиғалардан толғады: « Біздің Жылұрт толып жатқан қазақи ескі ұғымнан арылып, өзгеше серілейін дегенімен өзін-өзі қолайсыз сезініп қалады.Басшысының бұйрығын орындауға қатал қалыптасқан мінезі иліктірмейді.Мойынын қазақпын деуге бұрғызбайды.Өзінің қамын біреу ойламаса беталды құла дүзге лағып кететіндей сыңайы байқалып, басшының айтуынсыз адасып өлердей қабағы ашылмай-ақ қояды.Өйткені, кеңестік өмір құйыны, үрейі арасында талай қырғын болғанын ептеп сезеді. «Қорықпа мен тұрғанда, алға көз жібер, өзің ойла тірлігіңді» деседе бастық, Жылұрт ешнәрсенің ебін таба алмай қорқынышпен күбірлеп:

  -Басеке көзің тірі тұрғанда алдыңа шығып сүйреңдеу маған тірі өлім емес пе? Көп біліп орынтаққа көз тастасаң тез қартаясың, ажалыңнан бұрын өлесің,бәрін ұмытуға жүз грамыңды ішіп, жай басып, жалпақ ал,-деуші еді әкем марқұм.Жігері құм боп өткен, әлсіздікке бойы үйреніп үрейге көндігіп кеткен, ілгері үміттен қол үзіп, түңілумен о дүниеге жеткен әке өсиетіне адал болғысы келді.Сөйтіп, Жылұртта түстік пен кештік асты ойлаудан басқаға көңіл бөле бермейді.Бірақ, келе-келе, бастығына жағынып, жүре-жүре желдің қалай ызыңдағанын айыратын мінез тапты.Оның өзі ойда жоқта бойына дари кетті.Қайтеді, қашанғы біреуге қол артып көлеңкесінде көлбеңдейді.Есі шығып елбеңдейді.Біртүрлі кісілігіне ерсі екенін кеш түсінді.Өзін ойламаса аштан өлетін, көштен қалатын түрі сезілді білем.Кеңес заманында дәуірлеп тұрған басшылары қоғам өзгерген бойда халықпен хоштасуға да жарамады.Көкіректі қайтерсің, өзінен басқаны кісі екен деп санамады.Одақты билеген М. Горбачев па, Американың ең беделді, мықты орденін алып,  мәз болды ма, Кеңес үкіметінің құлағанына қабағын да шыта қойған жоқ.Байтақ елде,жұмыр жердің біразында бет-бейнесі, сүгіреті жаңбырша жауып ақпаратта жарияланса, бірте-бірте бет-бейне өшіп, атақ сөніп бара жатыр.Сөйтіп Одақ халқы құдайдай көретін көсемдердің  алтынмен апталған билік құмырасы біржола сынды, күлпаршасы шықты.Әмірлік құйын,зұлымдық үрей сап тынды.Құдайды қолдан жасаудың ақыры боларын ойшыл халық бұрында білген-ді.Сондықтан бүгінгі өмір желі баяғы қырғын әкелген қарадауыл құйынға ұқсамайтын тәрізді.Саясаты әлемді билеуге құмартатын Америкада соғып тұратын торнада құйынынан сақтасын.Айтпақшы Жылұрттың өз сөзімен айтқанда күнсайынғы желдің өзі бір-біріне ұқсамайды екен.Желдің күн сәулесін ызғыта қууы да әртүрлі сияқты.Баяғыдағы табиғаттың жаңбырын да, желін де, ауасын да тартып аламыз! Кеңестік құдіретпіз! -дегеннің тіпті де бүгінгі ойға қисыны келмейді.Өтірігін де шындыққа жорыған кезең солай.Өткенге өкінгенде бастығының алдында қорыққан қоянша алақ-жұлақ етіп тұрғаны аянышты.Агрономдық ой-желісін де жетілдіре алмай қалды.Кешең болса да ой тізгінін еркіне жіберіп жел шаруасын зерттеуі керек.Апыр-ау, кей күндері желдің өші кеткендей балқыған күн жылуын ызғытып қуып, кәдімгі жардай атанды жығатындай тәрізді.Америка торнадасы елсіз далаға соқтықпай елді, мекендерді ту-талақай етіп талқандап кететіні жерге сіңген киелі, кінәсіз адамдардың ғасырлардан келе жатқан қаны көтерілді ме? Әлде саясат желіндегі қара ниеттік кездесіп қала ма? Бұл ғалымдардың бас қатыратын шаруасы.Құйын, жел тіпті шілденің шұғыласының  өңін өзгертіп тастады.Баяғыдағы бетің мен құлағыңның ұшын тотықтандырып ажар беретін аптапта дәрмен азайып, ыстыққа ешкімде аһылап- уһілемейтіні несі? Пенденің ниеті бұзылып қара көлеңке көбейіп бара жатыр ма? Сонда қалай бұрынғы көріпкелдердің айтқанын құлаққа ілмей, партия тарихын жаттаудан қолың тимей, мұрыныңа су жетпей сүрініп, коммунизмге келіп қалдық деп бүлініп, ақырында маңдайымызды тасқа соқтық па? Үрей тастан да қатты екен.Арақ ішеміз дедік тойымсыз іштік, түрмеге түс деді, түстік, ұлтыңды, тіліңді, дінің мен діліңді ұмыт деді, ұмыттық Әмірші миымызды сиқырлап кісілігімізді табиғатымыздан бөлектеп тастады.Адам ниеті қалай бұзылса, табиғат солай тоз-тоз күйге түсті.Мысалы, көлдердің маңындағы көк өскінге малынып тұратын шық тамшыларына дейін кеуіп қалды.Үрейлі қара дауыл жел дегенің қатал жыртқыштың ішкі демінен ақырғы рет шыққандай кейде денеңді қу ағаштай қуырып, қолқаңды суырып жіберетіндейді де көз көрді.

  Жә, оның есесіне бүгінде түкке тұрмайтын нәрсені, ұлтымызға қажеті жоқты жырлайтын сөз көп.Шет елден қаржысымен біргеағыл, тегіл келіп жатқасын тоқтату қиындап барады.Бәрінен бұрын желдей ескен, дауылдай көшкен, үміт ыдысының түбін тескен желбуаз жағымсыз сөздерді көгілдір экранда көбіктей көпіртіп жатады.Бал тамған тілден у да таматынын түсіне бермейтіндер дінбұзардың керкіл насихатына ылығып қасықпен ішетін дерт дәруі дәрідей қабылдаушылар да табылды.Ал байығысы келген орынтақ иесі тендір деген сөзді әжесінің кебежесінен шыққандай қабылдап қалтасын қалыңдатып, ұлтымның байлығына қиянатым болмасын деуге ауызы бармай,су ұрттағандай томпиып отыр.Биліктің қай заманда да Қап тауындай желі болған-ды.Оған төтеп бере алмай болат майысып, темір морт сынған-ды. Бүгінде оңай олжа, арамдықпен байығандарға Алланың өмір жасын сақтауға кепілдігі болар ма екен.Зұлымдықтың түбі немен тынады, белгісіз.Алпенистей үнемі биіктікті жанталаса аңсайтындардың жолы құттылығы да бар, керісінше жұты да бар.Қазақтың әрнәрсенің қайырын тілеуі содан.Қалың көптің байқап отырғаны адамға қажеттіліктің онсан түрінің тізгінін тартпай құтырына қымбаттауынан секем алады.Қиянат, нақақ жоқ па деп ойланады.Адам мінезі де,саясат та, әр кезде құйындай құтырынып, кісіліктің қадір-қасиетін білмегенге кіжініп ытырынып тұратынын қарапайым халық жатқа біледі.. Көрген құқаймыз осы деймісің деп кейбір әкімге мысқыл сөзін айтып күледі.Қайтеді, байтақ қазыналы даланың байлығын игеріп халқын жарылқай алмай,  азық, түлік,басқа тауарлардың түр-түрінің тоқсан төрт пайыздайын шет елден таситымыз нағыз кекесін күлкі.Сөйтіп жүріп кейбір шенунік дыраусиды, халқының жүз пайызын орта шаруаға жеткізгендей үстемсиды.Ұят-ай, кеудесінің желін ұқпаса қайтесің дерсің.Әлсіздер бітеу адамдай тыныс жолын шығармастан іштен тынып, сағы сынып, тұншыға түсетінін кейбір әкім аңғара бермейді. Көрмес түйені де көрмес деген сол.

  Е, Тымырдың толғанысты ойын Қымыр бұзып: « Ауыл шаруашылығы иниститутында оқыған бес жыл бойы қоғамды ақша бүлдіреді, әділдік жолдан тайдырады, оның орнына ақшасыз қызмет істейтін баламасы бар» деп талай айтысып, тартысып ешкімді де сендіре алмап еді.Кеңес үкіметінің тыраң етіп құлауы да, бүгінгі әлемдегі түрлі-түрлі дағдарыстар мен қақтығыстарға ақшаның қатысы барлығы айдан анық.Капиталистік байлықты иеленушілер мен әлсіз кедейлер арасындағы алакөздік жұмыр жердің халқын әбден қажытқан сыңайлы.Саясат түрлі қақтығыстарды қоздырса, алпауыт мемлекеттер қаруын тездетіп сатып пайдасын таба қояды.Қару атылады, қан төгіледі,қара ниеттілерді ұнатпаған Жартқан ием түрлі табиғат апатына ұрындырып ескерту жасағандай болса , оны көзін ақ шел басқан әлемдік байлар түсіне бермейді.Біреу өліп жатқанда, жанындағы күліп жүретіндей жүрегі қаратастай қатқан шен, шекпенділерде теледидарда көрініп қалады.Шошисың. Ғасырдың зұлымдары көбейіп кетпесе екен деп тілейсің.Бұрынғылардың асына тойғызбаса да ақ ниетіне қарық қылатындардың бүгінгі ұрпағы есеңгіреп құйын арасына кеткен бе? Жалпы өздерің білесіңдер, желге қарсы жүріп жөнсіз ерлік көрсетемін деп шет елше екіленгендер көп ұзамай ақбас ауруына шалдыққан жылқыдай шойырылып тынатыны кәміл.Адам табиғат құйынына тұншыққанда, жел қуған қаңбақтай жылы ұясынан безгенде қол ұшын беріп арашалайтын қайырымды жан табу ілуде біреуі кездесе ме, кездеспейме, кім білсін.Ал, ешкім емірене қоймастығын сезсең абзалы бас пайдаңды өзің тап.Көзіңе қарап сезіміңмен сарала.Тірлігіңде көріп жүргенің бар, көрмегенің одан да көп, бірақ бәрі де алғыр түсінігіңе байланысты.Тобыр кейде жаңалықтардан үрейленеді, зәре-құты қалмай басын алып қашады.Ілгері басқаны үмітсіз көрініп, бұрынғы дағдылы тірлігін аңсайды.Осындайда кейбірі көзі жайнап өзгелердің абыржығанынан да пайда тауып қалғысы келеді.

  -Дерек, дәйегі әлемде белгілі идеяны рынок дауылы басталғанда мейілінше жақсылық жолы деп насихаттағаны есіме түсіп тұрғаны,-деп Тымыр өзіндік ойын айтты: « Биржа желі шыбыныңды қағуға да мүмкіндік берместен, бір мақсатқа жетіп рынок құйынынан тұншықпас үшін акциялық пайына сай қағазың болса шүкіршілік етесің. Әйтпесе, акуланың аузында кететін шабақтай дем шығармай о дүниеге бір-ақ аттап жетесің.Рынокта түсінбегенге есірік жел,еспе, оқтан да жаман кеспе жел, бөспе, мән-мағнасыз өзіңе емес, өзгенің пайдасына соғатын көкмылжың желдерден сақтанасың.Кеңес заманындағы алаяқ, сұрқия атанғандар да ешқандай кінәлі емеспіз деп ант-су ішіп биржалық мекеменің орынтағына орналасыпты. Ондай жылпостар есіктен кірді дегенше ертең-ақ төрдің төбесінде төредей боп қонжияды дей беріңіз.Жылұрт сол ойын жиғанша көпшіліктің арасынан жыртық құлақшынды бір айтқыш қатты дауыстап:

  -Жын сатыла ма?

  -Бізде бағаның құны көп,-деді құлағы қағыс естіді ме, жынды құн деп түсініп.

  -Маған Американың жыны керек еді. Әлемдік демократия деп құйындатып жатыр ғой.Жұмыр жер халқы демократияны қазақтардан үйренбей ме? Жесірді қаңғытпаймыз, жетімді жылатпаймыз.Сталин заманында өліп сүйегің қазақ даласында шашылсын деп ас,сусыз, тыржалаңаш «сенімсіз» деген жер аударылған халықтарды бір үзім нанын бөліп беріп,жатсынбай, жаусынбай, тарықтырмай өмір сүргізді.Орыс ақыны Твордовский: « тың игеруде әрбір қазақтың үйі асхана, баспана болмаса,қайырымды халықтың көмегі тимесе тың игерілмейтін еді» деп жырлады.Айта берсе сөз көп, қазақ ұлылығы, қазақтың тәртіп, тәрбиесі, адамға жақсылық жасауға арналған демократияның теңдесі жоқ емес пе? Буч дегенің мемлекет басқарғанда АҚШ Иракқа демократия орнатамын деп біраз жазықсыз халықты қырып салды, ақырында қандас шейіттер мен сүниттерді қырылыстырып кетті.Адам қаны киелі, адам қарғысы оқтан өткір,қасіреті қалың.Алла кешірмейтін қан төгістің зардабы емей немене, оқтын-оқтын қарадауыл құйын, торнада қала,селоларын бүлдіріп жатыр, -дегенде жанында тұрған біреу сөзін бөліп: «Жынды қайтесің, зауыттар мен ірі өндіріс орындары сатылады, сонда иелікке мүше болып үлесіңді алатын купоныңның қайырын тіле? «Целинсельмаш» зауытына келген америкалық білгіштер өндіріс орнына көздері қызығып тұрды.Бірі қалтасына гайкіні салып алды.Онысы еліне барғасын метальдың құрамын тексертіп көруді ойлауы шығар.Жә,бес жүз сомымыз, купонымызбен жылдар өте байып шығады деп сендіріп тұрғандарың өтірік пе, шын ба?-деді де көзінің сорасын сүртіп, қасындағы бір кедейді түртіп:

 -Коммунизм қырдың астында тұр дегенге көңіліңді бөліп өзің сенген шығарсың, мен сенбедім.Ақиқатты жын көтеріп кетеді. Сондықтан жынды сатып алып меңсіз қара қой сойып садақа беріп, қойдың өкпесімен жынды қақтырмасаң сухитқан өтірік сөздің қайырын көрмей ай далада қаласың.Көрде тұр, сатылмайтын нәрсе табылмас,олжалағыштың ауыз қағылмас, қулар алған бетінен жаңылмас, Алла жар болып қазақи ұятымыз аман қалса деп тіле,-деді де әлгі айтқыш жұлымы жыртылған керзі етігін сүйретіп кете барды.Сапырылысқан халыққа ой жіберіп қараса ұдайы жоқшылықтың зардабын тартып шыныққан ,ұятын сақтап, ар-намысын кіршіксіз сақтаған төзімділігімен тау төңкеретіндей үміті мол адамдар еді.Облысты билеп отырған орыс тілділер іштей қазақ мемлекеті бола алмас,деп жымқыратынын жымқырып, қымқыратынын қымқырып, сатып алатынын құнсызға сатып алып,зып беріп көшіп кетуге буынып, түйініп дайын отырған-ды.Ұшқалақ пікірмен ұшынып жүргендердің көз қарасын, көмейін түсінген қазақ айтқыштары: « Ер туған жеріне, ит тойған жерінде деген бар, елдеріңе барып бақытты болуды тілейміз. Қазақ жері аман қалса мемлекет нық тұрады, көзінің сұғы бар талайды ықтырады,-деп шын сөзінде,сын сөзінде қазақтың артықша қасиетімен мысалдап айтатын-ды.

 Жылұрт сол жылдардағы биржа шаруасын қайыра есіне түсірді.Шет елдіктердің ақылымен өтетін істің ақиқатына ешкімнің көзі жетпейді, осылай болуға тиісті деген ықтималдыққа сенім аз.Санадағы жауапсыздық, аңқаулық, дәлелсіз пікір, шет елдің көшірмесініңде маңызы түсінікті емес еді.Қазақ табиғатында ешкімнің ала жібін аттамаған, асқан байлық, есепсіз олжаға көңіл қоймаған.Сөзінде де қосымша болмайды, шын ойын түсінікті жеткізуге тырасады.Деседе үрейдің, бағыныштылықтың, кісінің қасы мен қабағына қарап шаршаудан қажығандық тәуелсіздікке жеткендеде сабыр сақтауды мақсат етті. «Сабыр түбі сары алтын»деген бабалар сөзі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға