Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Тоқаев экофестивальге арналған көрмені тамашалады

«Таза Қазақстан»: Тоқаев экофестивальге арналған көрмені тамашалады
Фото: Ақорда 21.04.2025 12:00 131

Президент «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрме экспозицияларын аралап көрді. Мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.

Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары Нұрбақыт Ермекұлы мен Айзат Ержанқызы президентке Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаларын таныстырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға