Жаңалықтар

"Таза Қазақстан": СІМ қызметкерлері «Бәйтерек» монументі аумағын тазалады

"Таза Қазақстан": СІМ қызметкерлері «Бәйтерек» монументі аумағын тазалады
Фото: Сыртқы істер министрлігі 26.04.2025 20:09 296

Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Астана қаласының аумағын тазарту жөніндегі қала әкімдігінің бастамасын қолдап, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпықалалық сенбілік аясында Сыртқы істер министрлігінің ұжымы «Бәйтерек» монументіне  іргелес аумағын тазартты.

Іс-шара азаматтық жауапкершілік пен экологиялық сана деңгейінің жоғары екенін айқын көрсетіп, әрбір тұрғынның үлесі елордамыздың тазалығы мен жайлы қалалық ортасын сақтауда маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қалалық ортаны абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жыл сайын өткізілетін іс-шара жақсы дәстүрге айналып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға