Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі ауданда 3 мыңға жуық ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі ауданда 3 мыңға жуық ағаш отырғызылды
Фото: Шымкент әкімдігі 24.04.2025 05:26 125

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласында көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Тұран ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35-ке жуық сенбілік ұйымдастырылып, оған 5 мемлекеттік мекеме мен 70-ке жуық кәсіпкерлік нысан, сондай-ақ 15 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Бұл шараларда 60-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 3000-ға жуық жасыл желек, ағаш көшеті егілді. Аудан аумағында 400-ге жуық ішкі орам, магистраль көшелер тазартылды.

Табиғатты аялауға арналған бұл бастамаларға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының өкілдері белсенді түрде атсалысты. Қоғам болып атқарылған бұл іс-шаралар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, таза әрі жайлы өмір сүруге деген ұмтылысын айқын көрсетіп келеді, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға