Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: қостанайлықтар спорт пен тазалықты біріктірді

«Таза Қазақстан»: қостанайлықтар спорт пен тазалықты біріктірді
Фото: Қостанай облыстық әкімдігі 14.04.2025 15:46 377

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың сәуір айының басында іске қосылған «Таза Қазақстан» бағдарламасын қостанайлықтар ауқымды түрде қолдауды жалғастыруда. Облыстық әкімдік мәліметінше, бұл бастаманың мақсаты – халықтың экологиялық хабардарлығын арттыру және облыстың әртүрлі аймақтарындағы қоршаған ортаны жақсарту.

Бағдарлама аясында өңірде қазірдің өзінде аумақтарды тазарту және абаттандыру, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша ауқымды іс-шаралар, сондай-ақ азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған ағарту жұмыстары – акция, дөңгелек үстел, семинарлар ұйымдастырылып жатыр.

Бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Іс-шараларға бизнес-қауымдастық, жастар, спортшылар мен этномәдени бірлестік өкілдері белсенді қатысуда.

2025 жылғы 14 сәуірде сағат 11:00-де Лисаков қаласында қала әкімдігінің қолдауымен спорт белсендісі Қ.С. Төлебаев ұйымдастырған қалалық веложарыстың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» Ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өткізіліп, спорт пен экологиялық сананы біріктірудің жарқын үлгісі болды.

Веложарыстың мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару болды.

Іс-шараға оқушылар, студенттер, жастар, спорт және экологиялық ұйым өкілдері, сондай-ақ белсенді қала тұрғындары қатысты. Маршрут ұзындығы шамамен 2 шақырымды құрады және Лисаковск қаласының орталық көшелері арқылы өтті, бұл кез келген жастағы және дайындық деңгейіндегі қатысушыларға қосылуға мүмкіндік берді.

Дені сау халық – таза Қазақстанның негізі. Біз тек велосипед теуіп қана қоймай, өз денсаулығымызға және қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастырамыз, - деп атап өтті велошеру ұйымдастырушысы Қ.С.Төлебаев.

 Рудный қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ҚОӘББ «Рудный қаласы білім бөлімінің №1 Қашар жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ-де «Туған жеріміздің сұлулығы мен тазалығын сақтайық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада қоршаған ортаны қорғау мәселесіне бей-жай қарамайтын жергілікті билік өкілдері, экологиялық клуб мүшелері, студенттер мен ұстаздар қауымы қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Қашар ауылындағы қоршаған ортаның ластануының өзекті мәселелерін талқылау және оларды жоюдың бірлескен шешімдерін әзірлеу. Қатысушылар өлкеміздің қайталанбас табиғатын болашақ ұрпақ үшін қалай сақтап қалуға болады және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында қандай шаралар қолдануға болатыны туралы өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелді «Ұрпақ ЭКО» экологиялық үйірмесінің жетекшісі Ускина Ботакөз Серікқызы ашып, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстел шеберлік сыныбымен аяқталды. Балалар тоқыма бұйымдарын қайта өңдеу бастамасын ұсынды. Шараның барлық қатысушылары мата қалдықтарынан тамаша кілемдердің жасалуына өз үлестерін қосты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор «Ұрпақ ЭКО» мектептік экологиялық клубының жұмысын жалғастыруды ұсынды.

Жергілікті табиғатты қорғау бастамасының төрағасы Асылбек Талғатұлы Көшенов өз сөзінде:

Табиғатымызды сақтау жолында барша халықтың күш-жігерін біріктіруіміз керек, біздің жер – баға жетпес байлық, біз оны аялай білуге міндеттіміз, – деп атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға