Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: қарағандылық құтқарушылар ағаш отырғызды

«Таза Қазақстан»: қарағандылық құтқарушылар ағаш отырғызды
Фото: ҚР ТЖМ 17.04.2025 21:11 364

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында мемлекет басшысының бастамасы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жас қылқан жапырақты ағаштарды отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, іс-шара Теміртау қаласында ТЖД жаңа әмбебап бөлімшесінің аумағында өтті. Қарағай көшеттерін отырғызуға облыстың төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы да қатысты.

Әрбір отырғызылған ағаш-болашаққа қосқан үлесіміз. Мұндай бастамалар экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі және ұжымды біріктіретін, командалық рух пен ортақ жұмысқа деген мақтаныш сезімін дамытатын кеңістік жасайды, - деп ведомство басшысы атап өтті.

Осы маусымда абаттандыру акциясын өз объектілерінің аумақтарын көгалдандырумен және абаттандырумен белсенді айналысып жатқан Қазақстан ТЖМ барлық аумақтық бөлімшелері қолдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға