Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Президент белсенді жастарды марапаттады

Таза Қазақстан: Президент белсенді жастарды марапаттады
Фото: Сурет: Ақорда 21.04.2025 19:00 149

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі өтті. Ел президенті акцияға белсене қатысып, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруда күш жұмсаған бір топ жасты марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Бүгінде еліміздің басты мәселелерінің бірі — қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту. Осы мақсатта Қазақстанда жыл сайын «Таза Қазақстан» атты жалпыреспубликалық экологиялық акциясы өткізіліп келеді. Бұл акция — табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға, азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара. «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастыру мен атқаруда жастардың қосқан үлесі зор. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сол жастарды Астана төріне жинап, арнайы марапаттады.

«Таза Қазақстан» акциясы президенттің бастамасымен басталған еді. Сол жұмыстарды жалғастырып келеміз. Бүгін ел президентінің өзінің қатысуымен марапаттау салтанатына келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтің қолынан акцияға қосқан үлесім үшін алғыс хат алдым. Президенттің өзі біздің жасап жатқан еңбегімізді ерен деп бағалағаны жүрегімізге жетті. Бұл күшпен біз өз өңірімізге барып, осы акцияның одан сайын жақсы әрі ауқымды өтуіне барымызды саламыз, – деді Жезқазған қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов.

«Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобалардың да көрмесі ұйымдастырылды.

Таза Қазақстан: Президент белсенді жастарды марапаттады

Таза Қазақстан: Президент белсенді жастарды марапаттады

Таза Қазақстан: Президент белсенді жастарды марапаттады

Таза Қазақстан: Президент белсенді жастарды марапаттады

Фото авторы: Артем Чурсинов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға