Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Павлодарда экологиялық акциялар ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан»: Павлодарда экологиялық акциялар ұйымдастырылды
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 19.07.2024 16:30 1286

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысуда. Бүгін Павлодар облысының түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке бірыңғай еңбек қарқынымен шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экологиялық іс-шараларға жүздеген қатысушылар жиналды, олардың арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және жай ғана бей-жай азаматтар бар. Барлығы 10-нан астам түрлі акциялар өтті.

Жастарды экологиялық мәдениетке және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында облыс орталығында Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері мен қызметкерлерінің бастамасымен қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді енгізуге бағытталған «ЭкоДесант» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында бір топ эковолонтерлер күні бойы ластанған көшелерді, аулаларды, саябақтар мен алаңдарды қоқыстарды тазарту үшін аралап шықты. Сонымен қатар, ЭкоДесант Ойын – сауын орталығы мен адамдар көп жиналатын орындарға барып, облыс орталығының тұрғындарына қалдықтарды бөлек жинауға және қайта өңдеуге халықты тарту туралы ақпараттық буклеттер таратты.

Павлодар қаласында «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар отрядтарының Павлодар штабы ұйымдастырған экология және туризм Орталығында «Жер әркімнің қолында» экологиялық акциясы өтті. Бұл іс-шараның басты ерекшелігі экологиялық жағдайды жақсарту сияқты ортақ мақсатпен жұмыс жасай отырып, қатысушылардың қанағаттану деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға болады, іс-шара басқа адамдарға үлгі бола алады және оларды қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға ынталандырады және коммуникативті дағдылар дамиды.

Жастар өкілдерінен құралған 30 қатысушы үшін ҮЕҰ экологиялық орталық бойынша экологиялық экскурсия, жасыл желектерді отырғызу ережелерімен, фитопатология негіздерімен танысу ұйымдастырылды, сонымен қатар экологиялық проблемаларды шешуде командалық жұмысқа және қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған «Командалық білім беру және экология» тақырыбында тренинг өткізілді.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына ағымдағы кезеңде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, ПИК, МИБ өкілдері жұмылдырылды. Барлығы 330,0 мың адам қатысты, 276 сквер, саябақ абаттандырылды, 98 мың тонна қоқыс шығарылды, 29 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға