"Таза Қазақстан": елордалық спортшылар ерекше акция өткізді

Астана спортшылары «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясын қолдап, 1 минут ішінде белсенді әрі пайдалы әрекеттер жасауға болатынын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, Орталық саябақтағы серуен жолдарын қоқыстан тазартып, салауатты өмір салтын сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын көрсетті. Осылайша астаналықтар сүйікті қаласына деген қамқорлығын тағы бір мәрте дәлелдеп, экоакцияға қатысты.
Менің ойымша, бір минут ішінде көп нәрсе істеуге болады. Мысалы, қоғамдық орындарда, автобуста, саябақта немесе жаттығу залында кез келген қоқысты жинап, тиісті орынға тастауға болады. Ал спортшылар үшін жаттығудан кейін пайдаланған жабдықтарын орнына қою – жақсы әдетке айналуы тиіс, - деді жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушы Айдын Сапарханов.
