«Таза Қазақстан»: 180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
![«Таза Қазақстан»: 180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты «Таза Қазақстан»: 180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты](/storage/storage/element/2024/05/06/mainphoto/102763/1200xauto_1kQfCQMvYDenO6gk0lo2gX24ovr8wxOsE6U3iMyh.jpg)
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
06.05.2024 15:00
494
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордалық 82-ші арнайыландырылған «Дарын» мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ағаш отырғызуға қатысты.
![«Таза Қазақстан»: 180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты 💚](https://web.telegram.org/a/blank.8dd283bceccca95a48d8.png)
Сурет: Артем Чурсинов
![«Таза Қазақстан»: 180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты 💚](https://web.telegram.org/a/blank.8dd283bceccca95a48d8.png)
Экологиялық мәдениет өз үйіңнің, ауланың, көшенің, мектеп пен туған қалаңның тазалығын сақтаудан басталады. Біз туған жерімізге қамқорлық танытуымыз керек. Бүгін сіздер отырғызған жас көшет, ертеңгі күні осы мектептің оқушыларымен бірге жайқалып өсетін болады. Алайда, ол үшін көшеттерге қамқорлықпен күтім жасау керек. Осылайша біз кейінгі ұрпаққа өзіміз туралы естелік қалдырамыз, - деді Ғани Бейсембаев.
Сурет: Артем Чурсинов
![«Таза Қазақстан»: 180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты 💚](https://web.telegram.org/a/blank.8dd283bceccca95a48d8.png)
Сурет: Артем Чурсинов
![«Таза Қазақстан»: 180 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты 💚](https://web.telegram.org/a/blank.8dd283bceccca95a48d8.png)
Суреттер: Артем Чурсинов
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Аяжан Сыдық екі дүркін Азия чемпионы атанды