Жаңалықтар

Тайвань үкіметі елге келген туристерге ақша төлеуі мүмкін

Билік әр саяхатшыға 164 доллардан беруге ниетті
Тайвань үкіметі елге келген туристерге ақша төлеуі мүмкін
Фото: planettravel24.com 06.03.2023 02:40 1364

Тайвань үкіметі 2025 жылға қарай елге 10 млн турист тарту үшін оларға ақша төлеуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz The Points Guy порталына сілтеме жасап.

Ел билігі әр саяхатшыға беретін сыйақыны 5 мың тайвань доллары (164 доллар) деп белгіледі.

Осылайша, олар туризмді дамытып, биыл 6 млн саяхатшы тартуға ниеттеніп отыр.

Тайвань туристік бюросының бас директоры Чан Ши-Чжун бұл төлемдер туристік картаға цифрлық түрде жіберілетіндігін айтты. Туристер қаражатты тамаққа немесе қонақүй мен көлік шығындарына жұмсауға болады.

Бұған дейін Тайвань соңғы төрт жылда тәжірибе ретінде енгізілген визасыз режимді алып тастаған болатын.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға