Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің видеосы көрсетілді

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
24.05.2023 16:13
889
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген бүгін, 24 мамырда, 29 жасқа толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі,
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иесі құттықтаған жанкүйерлеріне алғыс айтып, Нью-Йорктегі Таймс-скверде шыққан видеосын бөлісті. Тыңдармандар әншіні туған күнімен осылай құттықтаған.
Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем, әлем! Сәлем, 29 жас! Барлығыңызға осыншама үлкен құрмет көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет, - деп жазды ол.
Сонымен қатар әнші бүгін кешкі сағат 20:00-де өзінің YouTube арнасында «Өмір» деп аталатын жаңа туындысының бейнебаянын көруге шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті