Жаңалықтар

Тайландта қазақстандық турист қамауға алынды

Тайландта қазақстандық турист қамауға алынды
Фото: Видеодан кадр 10.04.2023 16:23 1694

Тайланд қонақүйлерінің бірінде тәртіпсіздік жасап, адамдарға шабуылдаған қазақстандық турист полиция қызметкерлерінен қашуға тырысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Thairath басылымы хабарлағандай, Қазақстаннан келген турист жағажайда өзін дөрекі ұстағаны үшін қамауға алынды. Ол адамдарға шабуыл жасап, қонақүйлер мен мейрамханалардың аумақтарына басып кірген.

Жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен жасырынбақ болған турист теңізге секіріп, судағы тастарға отырды. Ол қолын сермеп «бұл бақыт, махаббат, қуаныш және рақым!» деп айқайлаған.

Полиция туристі судан шығуға көндіре алды. Кейін ұсталған адам ішімдік ішіп, каннабис шеккенін мойындады.

Ер адам барлық шығынды өтеуге уәде берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға