Жаңалықтар

Тайланд пен Мьянмада құлдықтағы қазақстандықтар іздестіріліп жатыр

Бұл туралы СІМ ресми өкілі айтты
Тайланд пен Мьянмада құлдықтағы қазақстандықтар іздестіріліп жатыр
Фото: gov.kz 16.01.2023 16:13 1785

Сыртқы істер министрлігі БАҚ өкілдеріне Тайланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болғаны туралы мәлімдеген қазақстандықтардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ол азаматтар бойынша қазір жұмысты жалғастырудамыз. Тайланд, Мьянма елдерінің Сыртқы істер министрліктерімен байланыстамыз. Өздеріңіз білетіндей, бұл – халықаралық-криминалдық топтардың ісі. Бұл «алтын үшбұрыш» деп аталатын жер. Ол жерде билік те жоқ, байланыс та жоқ», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуына қарағанда, әзірге екі азаматтан ғана ресми өтініш түскен.

«Қазір біздің азаматтар сол жерде. Екі азамат бізге өтініш білдірді. Тексерілмеген ақпараттар бойынша тағы басқа азаматтар бар деп естіп жатырмыз. Оларға айтарымыз, бізді естіп жатса, сіздерді оқып жатса, аты-жөндерін нақты атап, өздері туралы мәлімет берсін, қорықпасын», - деді министрлік өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға