Жаңалықтар

Таулы Карабахтан қоныс аударған армяндар үйлерін өртеп жатыр

Таулы Карабахтан қоныс аударған армяндар үйлерін өртеп жатыр
Фото: © Pixabay.com 25.09.2023 10:13 5154

Армения үкіметі Таулы Карабахтан мыңнан астам адам көшкенін хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үкіметтің мәліметінше, 410 адам өз қалауымен тұрғылықты жерінен қоныс аудару туралы шешім қабылдаған. Берілген тұрғын үйге 360 адам орналастырылып үлгерген. Тағы 280 адамның қажеттіліктері нақтылануда, - делінген хабарламада.

Карабахтан Арменияға көшкен алғашқы топ шамамен 40 адамнан тұрады: негізінен әйелдер, балалар және қарттар. Оларды Ресей бітімгерлері ертіп жүрген. Тұрғылықты елді мекенінен кетіп жатқандар үйлерін түгелдей өртеп кетуде. 

Бір күн бұрын Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян халыққа үндеуі кезінде Армения Таулы Карабахтан барлық отандасын қабылдауға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Бұрын хабарланғандай, Степанакерт қаласы 24 қыркүйекте Арменияның электр желісінен ажыратылып, Әзербайжанның электр желісіне қосылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға