Жаңалықтар

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?
Фото: El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ 15.02.2025 10:00 5178

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмысшы мамандықтары жылы аясында компанияның еншілес кәсіпорны «Инкай» БК» ЖШС-іне БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл шара барысында «Инкай» БК» ЖШС жұмысының ерекшеліктері мен өндірістік үдерістері таныстырылды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамындағы кен орындары

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамына 27 кен орны кіреді, сол кен орындарын басқаратын 14 уран өндіруші кәсіпорын бар. Уран өндіруші кәсіпорындардың ішіндегі бірегейі – «Инкай» бірлескен кәсіпорны ЖШС. Құрылтайшылары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (акция үлесі 60%) және канадалық Cameco Corporation компаниясы (акция үлесі 40%) құрайды.

«Инкай» БК» ЖШС бас директоры Біржан Жылқайдаров атап өткендей, бүгінгі таңда кәсіпорынның штатында 811 қызметкер бар. 

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

«Инкай» БК» ЖШС әрқашан ұйымның барлық деңгейлерінде кәсібилік пен білімнің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өз қызметкерлерінің дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. 2024 жылы 766 қызметкер оқудан және біліктілігін арттырудан өтті. Жас мамандарды дамыту үшін кәсіпорын Қазатомөнеркәсіптің IZBASAR бағдарламасына белсенді қатысады. Бағдарлама аясында жас мамандар тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен әртүрлі компанияларда тағылымдамадан, 2021 жылдан 2024 жылға дейін кәсіпорында 12 жас маман тәжірибеден өтті. Олардың 5-і бағдарламаны сәтті аяқтап, «Инкай» ЖШС-не тұрақты жұмысқа шақырылды, – деді Біржан Жылқайдаров.

Геофизика бөлімінің техник-геофизигі Дамир Ділдабаев

Сондай жас маманның бірі – игеру және зерттеy ұңғымаларында геофизикалық зерттеулердің толық жиынтығын жүргізетін қондырғы (каратож станциясы) бойынша жұмыс істейтін геофизика бөлімінің техник-геофизигі Дамир Ділдабаев. Ол ұңғымаларға арналған құрылғыларды түсірумен және жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады. Дамирдың айтуынша, өндірістегі барлық апаттық жағдайлар мен қауіптерге алдын ала дайындық бар, жұмыс барысы толығымен бақылауда. Жас маманның бұл кәсіпорында жұмыс істеп жатқанына 5 жылдай уақыт болған.

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Құрылғыларды ұңғымаға түсіреміз. Әр құрылғының өзінің атқаратын міндеттері бар. Көтеру-түсіру жұмыстары барысында алынған ақпараттың бәрі осы жерде белгіленеді. Апаттық немесе басқа да жағдайлар туындаған кезде авраиялық тормозды басу арқылы жұмысты тоқтата аламыз. Сондай-ақ уран өндіретіндіктен қай жерде уран барын анықтау үшін осы жұмыстардың бәрін толық процесстен өткіземіз, – дейді техник-геофизигі Дамир Ділдабаев.

Өндірістік қауіпсіздік: «Инкай» кеніші бейнеаналитика жүйесін енгізуде

Қауіпсіздік «Инкай» БК» ЖШС үшін басты басымдықтардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда кәсіпорында бейнеаналитика жүйесі енгізілген, бұл жүйе жұмысшылардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етіп, мүмкін болатын жазатайым оқиғаларды алдын алуға мүмкіндік береді. Видеокамералар жұмыс барысында әртүрлі қауіптерді дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдауға көмектеседі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстандағы бүкіл кен орны компаниялармен салыстырғанда, жарақат аз алатын кәсіпорындардың қатарында. 

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Жұмысшы мамандықтары жылында «Инкай» БК» ЖШС аумағында бейнеаналитика жүйесін енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Учаскеде 39 камера орнатылған. Бұл ең бірінші кезекте жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Авариялар мен жазатайым оқиғалардың туындау қаупін азайту. Бұзушылықтар мен қауіпті жағдайларды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, қазіргі таңда осы Қазатомөнеркәсіптің барлық еншілес кәсіпорындары шамамен 70 пайызға жуық осы бейнеаналитка жүйесін қолданып отыр, – дейді «Инкай» БК» ЖШС-нің бас директоры Біржан Жылқайдаров.

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Бұл жүйе жасанды интеллектің жүйесімен істелінген. Мысалы, белгілі бір аумақтарға адамдар кіре алмайды. Бұл видеокамера соның бәрін бақылай отырып, қандайда бір жағдай орын алса, бірден сигнал береді. Тіпті уранды таситын көліктердің ішінде де осындай ақылды камералар қойылған. Жүргізушінің жолда шаршаған-шаршамағанын бәрін бақылап отырады.

Уран өндіру технологиясы

«Инкай» БК» ЖШС уран өндірудің жерасты ұңғымалық шаймалау әдісін қолданады. Бұл әдіс күкірт қышқылы арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорында уран ерітінділерін алу технологиялық процесі толығымен автоматтандырылған және жоғары деңгейде қадағаланады. Яғни, кәсіпорын дайын өнім өндіру технологиялық процесі өнімді (құрамында уран бар) ерітінділер ала отырып, күкірт қышқылымен жерасты ұңғымалық шаймалау тәсілімен уран өндіруді қамтиды.

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Сынамалар мен зертханалық зерттеулер

Бұдан өзге біз «Инкай» кен орнының аумағындағы Сателлит-1 және Сателлит-2 учаскелерінде болып, кен орнында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран шығарудың қалай жүзеге асатынын, игеру, шығару, қайта өңдеу процессін көзбен көрдік. Кеніштің ерітінділерді өңдеу цехында және физикалық-химиялық зертханасында болдық. 

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Өндіріс процесінде алынған барлық сынамалар физикалық-химиялық зертханаларда тексеріледі. Зертханашы Гүлнұр Сәндібаева және химиялық зертханашы Рейхан Тагиева ұңғымалардан әкелінген өнімнің сапасын тексеріп, уранның бар-жоғын анықтайды. Бұл процесс әрдайым бақылауда болып, зертханалар 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Физикалық-химиялық зертхананың техник-зертханашы Гүлнұр Сәндібаеваның айтуынша, өндіріліп жатқан өндірістегі сынамалардың бәрі осы зертханаға келіп түседі. Оны физикалық-химиялық әдіс арқылы анықтайды.

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Ұңғымалардан әкелінетін өнім кәдімгі сұйық түрінде келеді. Бастапқы өндіріліп жатқан өнімнің уран немесе уран емес екенін анықтаймыз. Полигон және өндірістің өзінен келетін сынамаларды да анықтап отырамыз. Біз бәрінің процессіне талдау жүргіземіз. Талдау нәтижесі шыққан соң өзіміздің базаға енгіземіз. Содан кейін әріқарай әр бөлім сол базадан бәрін қарап отырады. Үш кеніш бойынша бізде екі зертхана бар. Әр сынаманы өз уақыты бойынша береміз, – дейді техник-зертханашы Гүлнұр Сәндібаева.

Аталмыш зертхана күндізгі және түнгі кезекшілік бойынша екі ауысымда 24 сағат бойы жұмыс істейді. Зертхана заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген.

«Инкай» кәсіпорнында 10 жылдан астам жұмыс атқарып келе жатқан 6-разрядты химиялық және спектрлік талдау зертханашысы Рейхан Тагиева біз келгенде цехтан келіп түскен өнімді уранға анықтап жатыр екен.

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Уранға анықтағанда белгілі бір көлемде әдістеме бойынша үлгіні аламыз. Бұл талдауды жасаудан бұрын оған бірнеше ерітінді қосылады. Соның арқасында уранды анықтаймыз. Бір талдауды жасау үшін 35-40 минут уақыт кетеді. Әрине, жұмыс істеп жатқанда бірден барып тұра салмаймыз, көзімізге арнайы қорғаныш көзілдірік, қолғап, халат киеміз. Ұстап болғаннан кейін қолды жақсылап жуып, арнайы құрылғымен өлшейміз, – дейді Рейхан Тагиева.

«Инкай» кенішінің геотехнологиялық алаңы

«Инкай» кенішінде табиғи уранды өндіру үшін жерасты сілтілендіру әдісі қолданылып, бұл әдіс экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі экономикалық тиімді болып саналады. Кеніште тәулігіне 10 тонна уран өндіріліп, оның қуаттылығын 20%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, «Инкай» БК» ЖШС 1996 жылдың наурыз айында құрылған. Бүгінде Түркістан облысындағы Инкай кен орнының №1 учаскесінде жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран өндіруді жүзеге асырады.

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Біз Тайқоңыр елдімекеніндегі «Инкай» кенішінің геотехнологиялық алаңында болдық. «Инкай» кенішінің директоры Әлібек Асауовтың айтуынша, бұл алаңда жерасты сілтілендіру әдісімен табиғи уран өндіріледі.

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Жер астынан шыққан өнім ерітінділерді өңдеу цехына жөнелтіледі. Бұл жерде сатылы технологиялық процесстер өтеді. Жер астынан шыққан мм болып есептелінетін сұйық күйіндегі уран цехта сатылай талдаудан өтіп, дайын өнім түрінде шығады. Инкай кенішінде тәулігінде 10 тоннаға дейін уран өндіріледі. Алдағы уақытта бұл қуаттылықты 20 пайызға дейін өсіру жоспарда бар. Өндірілген уран өзіміздің құрылтайшылардың шешімімен Қазақстаннан экспортталады. Бұл кеніште вахталық ауысыммен қызметкерлер жұмыс істейді. Вахталық ауысым 14 күнді құрайды. Яғни, 14 күн жұмыста болса, 14 күн демалады. Жұмысшылардың жұмысқа келу, жатын орын, тамағы бәрі қамтамасыз етілген, – дейді кеніш директоры.

Ведомства басшысының сөзінше, жерасты сілтілендіру әдісі дүниежүзінде экологиялық жағынан ең қауіпсіз және экономикалық жағынан тиімді тәсіл болып есептеледі. Өндірістік жоспарға қарай мұндай алаңдарды жылда қосып отыратынын айтады.

Кеніштің жұмыс жағдайлары мен еңбек ресурстары

Кеніште жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс шарттары да ерекше. Вахталық ауысым жүйесімен жұмыс істейтін қызметкерлерге барлық қажетті жағдайлар жасалған: жатын орын, тамақтану және қауіпсіздік шаралары толықтай қамтамасыз етілген. Кеніште бір ауысымда 300-ден астам жұмысшы қызмет етеді.

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Инкай кенішінің уран қоры мен болашағы

«Инкай» кенішінде уран қоры жеткілікті және 2056 жылға дейін уран өндіру жоспарланған. Кеніштің жалпы көлемі 25 шақырымды құрайды, ұңғымалар тереңдігі 300-550 метр аралығында орналасқан. Қазіргі уақытта өндіріс қуаттылығы жоғары деңгейде, ал болашақта бұл қуаттылықты арттыру мақсатында жаңа алаңдар қосылуда.

Алаңның жалпы көлемі ұзындығы 25 шақырым мұнда үш зауыт және үш геотехнологиялық алаң орналасқан. Алаңның ені 15 шақырымды құрайды. Ұңғымалардың тереңдігі 300 метрден бастап 550 метрге дейін аралығында. Одан терең жоқ. Кеніште бір ауысымда 300-ден аса жұмысшы қызметін атқарады. Уран қоры жеткілікті. Нақтырақ айтсақ, 2056 жылға дейін жететін уран қоры бар, – дейді Инкай кенішінің директоры Әлібек Асауов.

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

Тәулігіне 10 тоннаға дейін уран өндіретін еліміздегі Инкай кеніші туралы не білеміз?

El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

«Инкай» БК» ЖШС Қазақстанның ең ірі уран өндіруші кәсіпорындарының бірі болып табылады. Заманауи технологиялар мен қауіпсіздік шаралары арқылы өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға күш салынуда, бұл кәсіпорынның дамуы мен әлемдік нарықтағы орнының нығаюына ықпал етеді. Кәсіпорынның алғашқы технологиялық блогы 2002 жылы наурызда іске қосылған. «Инкай» БК» ЖШС-ның жалпы өндіру көлемі 2025 жылдың қаңтар айынан бастап 39 476,215 тонна уранды құраған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға