Жаңалықтар

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан 126 шетелдік спортшыны сатып алған

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан 126 шетелдік спортшыны сатып алған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 07.10.2024 14:42 409

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан олимпиадалық спорт түрлеріне 126 шетелдікті сатып алды, бірақ олар кейіннен өз елдеріне оралған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор спорттағы былықты жайып салды. Агенттік мәліметінше, отандық федерациялар көбіне өз таланттарын тәрбиелеудің орнына ақша басқа елдердің ойыншыларына жұмсалады. Бұл спортты қаржыландырудағы айқын теңгерімсіздікпен расталады.

Мәселен, Қазақстанның бұқаралық спортқа жұмсаған шығыстары жоғары жетістіктер спортына қарағанда 9 есе аз (35 млрд теңгеге қарсы 340 млрд теңге). Спортта неғұрлым табысты шет елдерде жоғары жетістіктер спортының негізі болып табылатын бұқаралық спортты қолдауға басымдық беріледі, - делінген мәліметте.

Айталық, халқы аз Нидерландта (17,8 миллион) бұқаралық спортқа жұмсалатын шығындар кәсіби спортқа (246 миллион доллар) қарағанда 2 есе көп (497 миллион доллар). Сонымен қатар бұл елдің спортшылары Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсетуде.

Нидерландпен салыстырғанда Қазақстан жоғары жетістіктер спортына 3 есе көп, ал бұқаралық спортқа 7 есе аз жұмсайды.

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілген бұқаралық спорт түрлерін дамыту көрсеткіштері формальды сипатқа ие.

Мысалы, әкімдіктер жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара, күніне орта есеппен 3 іс-шара өткізуі тиіс.

Спорттық ғимараттар мен нысандарда, сондай-ақ ашық жерлерде өткізілетін іс-шаралар осы іс-шараларда екі жүз және одан да көп көрерменнің бір мезгілде болуын болжайтынын ескере отырып, көрсеткіш анық көтерілген («Дене шынықтыру туралы» Заңның 1-бабының 40-1-тармағы)

Жоғары жетістіктер спортында басым спорт түрлерінің болмауына байланысты танымал емес және нәтижесіз спорт түрлері қаржыландырылады.

2023 жылы спорттың 31 түрінен бірде-бір медаль жоқ. 2024 жылы қаржыландырылатын бағыттардың саны 141 түрге дейін өсті.

Мәселен, жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан 44 түрді, қысқы спорт түрлері бойынша – 13 түрді дамытады. Жоғары жетістіктер спортының қаржыландырылатын бағыттарының шамамен 60%-ы Олимпиадалық емес бағыттарға жатады - 84 (141-ден). Жыл сайын бұл түрлерді дамытуға – 18 млрд теңге жұмсалады (2023 жылы олимпиадалық түрлерге – 296 млрд теңге, олимпиадалық емес түрлерге - 18, өзге шығыстарға - 11 млрд теңге), - делінген Антикор мәліметінде.

Шетелде спорттың «нүктелік» бағыттарына басымдық беріледі (Ұлыбританияда жазғы Олимпиада ойындарының 19 түрі, Германияда – 18, Австралияда – 12).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға