Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды

«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 21.08.2024 04:30 703

Тараздық оқушы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында қалқымалы электр стансасын жасап шығарды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша грант иегері атанған Қанат Тәжіхан «Future Solar Power Plant» жобасын жүзеге асырып таныстырды. Ол Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12-сыныпта оқиды. Болашақта IT инженері болуды жоспарлап отыр.

Қанат Тәжіхан грант қаражатына қуаттылығы 6,6 кВт болатын Қазақстандағы тұңғыш қалқымалы күн электр станциясын жасаған. Жүйе күн трекерімен және өзін-өзі тазалау функциясымен жабдықталған. Автордың айтуынша, оның өнертабысы қазақстандық нарықтағы ең тиімдісі.

Қанаттың жобасы қазірдің өзінде Алматы облысының экологиялық аймақтарының бірінде жүзеге асырылуда.

Айта кетерлігі, 2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы аясында жастардың бастамаларын жүзеге асыруға 3 миллион теңге сомасында 30 грант бөлінеді. Волонтерлік саласын қолдау мақсатында қосымша «Волонтерлік» бағыты қарастырылған.

Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына өтінімдер қабылдануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға