Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті. Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді.
Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді.
Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
