Тәуелсіздік күнінде Астанада отшашу бола ма? Әкімдік жауап берді

Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
09.12.2024 16:56
449
Елорда әкімдігі «Тәуелсіздік күнінде Астанада отшашу ұйымдастырыла ма?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда тойланады. Бұл мерекеге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Дегенмен қалалық әкімдік отшашу болмайтынын алға тартты.
Айта кетейік, мейрамға орай бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады: 14, 15 және 16 желтоқсан.
Бөлісу:
