Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай қосымша рейстер іске қосылады
Биыл 13 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығында Қазақстанда қосымша пойыздар мен әуе рейстері іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында «Қазақстан темір жолы» АҚ түрлі бағыт бойынша қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Рейстер келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
№201/202 «Астана – Алматы» пойызы:
- Астанадан: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда және 2025 жылғы 1, 4 қаңтар;
- Алматыдан: 2024 жылғы 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2025 жылғы 2, 5 қаңтар;
№203/204 «Астана – Шымкент» пойызы:
- Астанадан: 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2025 жылғы 1, 4 қаңтар.
- Шымкенттен: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 2, 5 қаңтар;
№205/206 «Ақтөбе – Астана» пойызы:
- Ақтөбеден: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 2025 жылғы 1, 4 қаңтар;
- Астанадан: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 3, 6 қаңтар.
Бұдан бөлек мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі (купе және плацкарт вагондары).
Аймақтар бойынша қосымша вагондар:
- Солтүстік өңірі: 279 вагон – 12 188 орын.
- Батыс өңірі: 298 вагон – 12 824 орын.
- Оңтүстік өңірі: 96 вагон – 4 256 орын.
Биыл 13 желтоқсаннан бастап қаламаңы бағытында 6 вагон бойынша 3 қосымша электр пойызы іске қосылып, 1 123 қосымша орын қамтамасыз етіледі:
- №7515/7516 «Астана – Бурабай курорты» күн сайын (сейсенбі және сәрсенбіден басқа).
- №7553/6811–6812/7556 «Қарағанды – Астана – Боровое курорты» жұма, сенбі және жексенбі күндері.
- №7509/6805–6806/7510 «Павлодар – Астана – Боровое курорты» аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтында және вокзалдардың билет кассаларында сатып алуға болады. Теміржол билеттерінің құны өзгермейді, тариф өспейді.
Бүгінде 91 қосымша әуе рейсі іске қосылды. «SCAT» әуекомпаниясы 39 рейсті қосты.
- Астана - Алматы-Астана + 16 рейс,
- Алматы-Шымкент + 10 рейс;
- Алматы-Мәскеу +7 рейс;
- Алматы - Жезқазған + 2 рейс;
- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;
- Астана-Шымкент + 1 рейс;
- Алматы-Өскемен +1 рейс.
Air Astana әуекомпаниясы 10 рейсті қосты:
- Астана-Алматы + 10 рейс;
Fly Arystan 39 рейс қосты:
- Астана-Алматы + 9 рейс;
- Алматы-Шымкент + 3 рейс;
- Астана-Шымкент + 3 рейс;
- Алматы-Павлодар + 3 рейс;
- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;
- Алматы-Атырау + 2 рейс;
- Алматы-Орал + 2 рейс;
- Астана-Қостанай + 2 рейс;
- Астана-Орал + 2 рейс;
- Астана-Атырау +2 рейс;
- Астана-Қызылорда + 2 рейс;
- Астана-Түркістан + 2 рейс;
- Ақтау-Атырау +2 рейс;
- Алматы-Қызылорда + 1 рейс;
- Алматы-Қостанай + 1 рейс;
- Алматы-Қарағанды + 1 рейс;
- Астана-Ақтөбе +1 рейс;
Qazaq Air 3 рейс қосты:
- Астана-Ақтөбе-Астана +1 рейс;
- Астана-Шымкент-Астана +1 рейс;
- Астана – Қызылорда-Астана +1 рейс.
Ішкі бағыттар бойынша тариф көтерілмейді, өзгеріссіз қалады. Әуе билетінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Билетті алдын ала сатып алған абзал.