Жаңалықтар

Татулық – тұрақтылық кепілі

Татулық – тұрақтылық кепілі
18.03.2018 12:57 2420

Оралдағы Достық үйінде БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесі өткізіліп, өңірдегі этносаралық жағдайға мониторинг жасаудың әлеуметтанулық зерттеудің қорытындысы шығарылды. Кеңесте сондай-ақ алдағы уақытта атқарылмақ міндеттерде нақтыланды.    

Облыстық Ассамблеяның бұл кеңейтілген Кеңесінің күн тәртібінде негізінен үш мәселе талқыға салынды. Біріншісі және негізгісі өңірдегі этносаралық жағдайға мониторинг жасау сараптамасының азаматтық қоғамдағы ахуалы болса, екіншісі алдағы жұмыс жоспары, соңғысы  БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясы Кеңесінің және құрылымдық бөлімшелерінің құрамына өзгерістеренгізу туралы болды. ҚХА  ғылыми Кеңесі тарапынан соңғы бес жылда мониторинг жүргізу дәстүрге айналған. Бұл жолы БҚО ғылыми -сараптамалық тобы мүшелері өз мониторинг нәтижелерін шығарды. Жалпы айтқанда мониторинг нәтижесі тәуір. Осындай мониторинг әр тоқсан сайын ұйымдастырылып, жыл соңында қорытындысы шығарылатын болады.  Кеңейтілген Кеңес соңында ұсыныстар енгізіліп, облыстық Ассамблеяның жұмыс жоспары мен құрылымдық бөлімшелерінің құрамы бекітілді. Кеңес мүшелерінің ұсынымдары мен  ой-пікірлері негізінде шешімдер қабылданды.                                                                                      

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға