Жаңалықтар

Татарстан мен Қазақстан жастары арасындағы байланыс нығая түсуде

Татарстан мен Қазақстан жастары арасындағы байланыс нығая түсуде
15.04.2019 00:00 2096

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Татарстан жастар қауымдастығының төрағасы Табрис Ярулинмен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу жұмысына Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Павлодар қалаларының Қазақстан халқы ассамблеясы белсенділері мен жастар қозғалысының көшбасшылары қатысты.

ҚХА «Жаңғыру Жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары, «Жарасым» РЖБ төрағасы Тимур Жұмырбаев атап өткендей, аталмыш кездесудің мақсаты жастармен жұмыс жасау бойынша тәжірибе алмасу, жұмыс жасаудың жаңа түрлерімен танысу болып табылады.

Кездесудің бірінші ресми бөлімінде ағайынды екі елдің жастары бірлесе жұмыс жасау үшін жоспар құрып, цифрлы даму жолдарын ұсына отырып, алға қойылған міндеттермен және іске асуы тиіс креативті жобалармен танысты.

Жастардың жақын танысып, ойларымен бөлісу мақсатында «Акыл фабрикасы» атты еркін тренинг ұйымдастырылды. 

Кездесуге қатысқан қонақтар ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Татар мектебінің директоры Зухра Саяпова, «ТАН» татар-башқұрт орталығының төрағасы Рафик Валеев, «Дуслык» татар орталығының төрағасы, «Ак калфак» әйелдер клубының төрағасы Яннат Низамутдинова, Татар жастары дүниежүзілік форумының төрағасы Табрис Яруллин, Қазақстандағы татарлар мен башқұрттар конгресі жастар комитетінің төрағасы Эллина Паули сөз сөйлеп, келешекте мұндай іс-шаралардың жиі өтуіне тілек білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға