Жаңалықтар

татарлардың фольклорын зерттеу мақсатында ШҚО Катонқарағай ауданына арнайы экспедиция ұйымдастырылды

татарлардың фольклорын зерттеу мақсатында ШҚО Катонқарағай ауданына арнайы экспедиция ұйымдастырылды
11.08.2018 05:58 2028

Шығыс-Қазақстан облысында татар халқының фольклорын терең зерттеу мақсатында Катонқарағай ауданына арнайы экспедиция ұйымдастырылды.

Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» - жобасы аясында мүмкін болып отыр.

Экспедиция мүшелері аймақтағы әріптестерінің жұмысымен танысып, Қатонқарағай ауданына татарлардың қоныстану тарихымен қатар, тілін, мәдениетін және татар халқының фольклорын зерттеу және жинақтау мақсатында  жергілікті татар диаспорасының өкілдерімен кездесті.

Татар этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Роза Цис және Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығындағы ШҚО ҚХА қоғамдық институттармен және аудандық Достық үйлерімен жұмыс жасау бөлімінің басшысы  Равиль Юнусов аудандық Достық үйінің және ондағы этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесіп,  жұмыс барысымен танысты. Катонқарағай аудандық Достық үйінің директоры Наталья Гостеева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

 Көктерек ауылының  тұрғыны Дәулетш Шарипов, 1950-ші жылдардың соңында Бұқтырма су қоймасына су толтырған кезде Нугмановтан шыққан татарлардың көпшілігі Көктерекке көшіп келгендігін және күні бүгінге дейін татарлар мен қазақтардың бір нанды бөліп жеп, бірге жұмыс істеп, халықтық мерекелерді бөлмей бірге тойлататындықтарын айтады.  «Каз омэсе» татар халқының көнеден келе жатқан мерекесі екендігін, оны бүгінде жалпы халық болып тойлайтындықтарын жеткізді. Бұл татар халқының ұлттық дәстүрлерін Көктерек ауылының тұрғындары жақсы біледі- дейді Дәулетш Зарипович.  

Күләш Мусина аудан орталығының 98-жастағы тұрғыны арнайы жұмыс тобының өкілдерін жылы қарсы алып, ата-аналары туралы, Поволжья мен Семейдің татарларының қоныстануы туралы әңгімелеп, бүгінде тарихи жәдігерге айналғын отбасылық альбомындағы әр кезеңде түсірілген суреттермен таныстырды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға