«Тастаймын-ау сені». Дариға Бадықова тағы кино түсіріп жатыр

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
16.02.2024 10:30
2474
Танымал актриса Дариға Бадықова алғаш рет жарыққа шыққан «Таптым-ау сені» фильмінің жалғасын түсіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Актриса фильмнің аты «Тастаймын-ау сені» деп аталатынын мәлім етті.
Тәуекелдің тауы-бір құдай!! 4-ші түсірілім күні. Мамыр айында экранға жол тартады, - деп жазды актриса.
Айта кетейік, Ермек Тұрсынов «Мүмкін емес» бағдарламасында актриса Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені» фильмі деградация деп айтқан. Кейін Дариға Бадықова киносын сынаған Тұрсыновқа жауап берді. Сонымен қатар, кәсіпкер Ахметбек Нұрсила актриса Дариға Бадықованың "Таптым-ау сені" фильмінің жалғасын түсіруге тыйым салуды ұсынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстаннан алтын ұрлап кеткен Түркия азаматы ұсталды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді