Жаңалықтар

Тасқыннан зардап шеккендердің үйлерін қалпына келтіруге 257 млрд теңге қажет – Қанат Бозымбаев

Тасқыннан зардап шеккендердің үйлерін қалпына келтіруге 257 млрд теңге қажет – Қанат Бозымбаев
Фото: t.me/KZgovernment 25.06.2024 10:14 458

Үкімет отырысы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есеп беруінен басталды. Айтуынша, тасқыннан зардап шеккен 67 мың адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Эвакуациялық пункттердегі 3664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетілді. Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 12086 тұрғын үй мен 7380 жалғыз баспана саяжай құрылыстары су астында қалды. Зардап шеккен өңірлерде 18228 тұрғын үй зерттелді, 15651 нысан бойынша бағалау аяқталды, – деді Бозымбаев.

Қанат Бозымбаев қазіргі уақытта, зерттеу қорытындыларына сәйкес, 9306 баспана қалпына келетін санатқа жатқызылғанын айтты.

8190 баспана қалпына келтірілмейтін санатқа жатқызылып, олар бойынша қайталама нарықтан 5714 баспана сатып алу және 2576 типтік жобада баспана құрылыстары жоспарланған. Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет. Қазіргі уақытта 6176 отбасы жалпы сомасы 40 млрд теңгеге баспана жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды, – деді премьер-министрдің орынбасары.

Зардап шеккен азаматтарға арналған 2503 жаңа баспана құрылысы жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға