Жаңалықтар

Тасқынға дайындық: қыркүйектің соңында Бұқтырмадан су жіберіле бастайды

Тасқынға дайындық: қыркүйектің соңында Бұқтырмадан су жіберіле бастайды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 22.09.2024 22:31 517

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында қыркүйектің соңынан бастап еріген қар суын қабылдауға орын босату үшін Ертіс өзені бойындағы Бұқтырма су қоймасынан су жіберіле бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Төлеген Құлжанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді. Оның сөзінше, Павлодар облысының Май ауданындағы Бесбай алабын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Нысанның ауданы – 14,6 мың га. 38 гидротехникалық және 6 су өткізу құрылысы жөнделеді. Бұл жұмыстарды 2025 жылы аяқтауға ниеттіміз. Күрделі жөндеу өңірдің барлық сағаларын сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, тіршілік нәрін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, деді филиал директоры.

Сонымен қатар, ауызсумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін 2030 жылға қарай Май топтық су құбырын Майтүбек ауылының маңында салынатын екінші сорғы станциясына қосу жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға