Тасмағамбетов Несіпбек Айтұлының көңілін сұрау үшін Мәскеуден ұшып келді
Фото: Иманғали Тасмағамбетов / Несіпбек Айтұлы
Фото: Иманғали Тасмағамбетов / Несіпбек Айтұлы
03.07.2023 16:00
2059
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов ақын Несіпбек Айтұлының көңілін сұрау үшін Мәскеуден ұшып келген. Бұл туралы ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік сыйлық иегері Несіпбек Айтұлының жансақтау бөлімінде жатқанына үш апта болды. Екінші отадан шыққан Несағаң қиналып жатып Халық артисі, әйгілі кинорежиссер Талғат Теменовке хабарласып «Имашқа жағдайымды айтарсың» депті. Тәкең аманатты бұлжытпай орындаған. «Келем, шаңырағына кіріп жеңгеймен, балаларымен сөйлесіп шығамын. Дәрігерлермен де кеңесейік»,- депті бір сөзге келмей Имекең. Осы жоспарды дос-аға Талғат Теменов маған айтып,«Ағамыздың үйіне бірге барайық», - деп ұсыныс жасады. Отбасы мүшелеріне Имекең есті сөз айтып, тілегін білдірді. Үміт пен күдік итжығыс түсіп жатқан осы тұста бұл бір көңілге медеу болар іс болды, - дейді Ғалым Жайлыбай.
Ол Тасмағамбетовтің бірден дәрігер Серік Ақшолақовқа хабарласып, өз аяғымен барып жолығатынын жеткізгенін айтты.
Бәріміз Несіпбек ақын ортамызға оралғандай күй кештік. Қайраудағы ұстараның жүзіндей, минут сайын мың құбылған дүниеде кімге жеңіл дейсің. Осы сәтте қанатымен су сепкен қарлығаштай болып, Мәскеуден ұшып жеткен Имаш бауырымызға, оның әр қазақты нар қазақ көрсеткен көңіліне риза болдым. Аз кем мәжіліс құрған сәттерде ел деп соққан жүрек лүпілін, алғаусыз көңілін тағы да таныдық.Имекең қай кезде болмасын қазақтың зиялы қауымы ақын-жазушыларды, суретшілер, сазгерлерді іздеп жүреді. Бастарына күн туса қастарында болады. Бүгінде рухани ағасы болған Несіпбек Айтовты сонау алыстан іздеп кепті, - дейді ақын.
Айта кетейік, бұған дейін Несіпбек Айтұлының бірнеше аптадан бері ауруханада жатқаны хабарлаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі несімен тиімді