Тарихта болмаған жайт: Англия премьер-лигасы трансферге $1,54 млрд жұмсады
Англия премьер-лигасыФутболдан жазғы трансферлік науқанға Англия премьер-лигасы рекордтық қаражат жұмсады.
Қаражат мөлшерінің күрт өсуіне телеарналармен 5 млрд фунтқа жасалған үш жылдық келісім-шарт себеп болып отыр. Демек, әлем жұртшылығының бұл чемпионатқа деген қызығушылығы — жарық жұлдыздар мен білікті бапкерлерді алуға көмектесті.
Телеарналармен жасалған келісім-шарттан примьер-лига жоғарғы дивизиондағы клубтарға 30-50 миллионнан қаржы бөлді.
Бұрын сонды болмаған үлкен шығынның тағы бір себебін — жаңа бапкерлердің келуімен түсіндіруге болады. Мысалы: испаниялық Пеп Гвардиолла жаңадан ауысқан «Манчестер Сити» клубын толығымен өзгертіп жатыр. Сондай-ақ, «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Ливирпуль» командаларында бапкерлер ауысты.
Ал ойыншылардың ішінде бұл науқанда ең қымбат трансфер — Поль Погбаның «Ювентус» клубынан «Манчестер Юнайтед» командасына қайта ауысуы. Трансфер мөлшері 115 миллион долларды құрады.
