Жаңалықтар

Тарихта өздерін ер адам ретінде таныстырған 7 персонаж кім?

Ерлік жасаған әйелдер
27.04.2016 08:36 4486

20 ғасырдың екінші жартысы гендерлік тепе-теңдікті орнату үшін күрес жүргізілгендігімен әйгілі. Нәзік жандыларға қашан да «отбасы, ошақ қасының ұйытқысы» ретінде қарап, отбасында әйелдің өзіндік орыны мен рөлі болды. Алайда, тарихта дәл осы ұғыммен келіспейтін, тіпті ерлерше киініп, нағыз ерлік жасаған әйелдер болды.

Әскери-хирург әйел

Тарихта өздерін ер адам ретінде таныстырған 7 персонаж кім?

Әлемдік тарихта өз ізін қалдырған келесі кейіпкер Маргарет Энн Балкли. Ол ерлердің киімін киіп, өзін еркек ретінде ұстады. Көпшілікке Джеймс Бэрри ретінде танылған әскери хирург 19 ғасырда Африкада тұңғыш рет кесір тілігі арқылы ота жасаған маман.

Папесса-әйел

Тарихта өздерін ер адам ретінде таныстырған 7 персонаж кім?

Аңыз бойынша 9 ғасырда католиктердің дін басы ретінде әйел адам басқарыпты. Папесса Иоанна (Иоанн VIII атанған) Лев папасы IV пен Бенедиктом III-тің арасында билік құрған. Ол нотариус қызметкерінен бастап кардинал қызметін атқарып, діни басшылыққа дейін көтерілді. Аңыз бойынша ол өзінің әйел екенін жасырып, халық арасында ер кісіше қызмет жасаған.    

Әулие-әйел

Тарихта өздерін ер адам ретінде таныстырған 7 персонаж кім?

Әулиелер қатарында саналған Апполинария ажал құшқанға дейін қоғамда өзін еркек ретінде ұстаған. Үлгілі отбасынан шықса да, тұрмыс құрғысы келмеген жас қыз діни ортаға бет бұрды. Ол үстіне діни адамдар киетін киім киіп, өзін сопы ретінде таныстырды. Өмір бақи ер адам ретінде өмір сүрген Апполинария қызмет барысында талай игі істерге ұйытқы болса керек. Алайда, ол өлгеннен кейін оның құпиясы ашылған екен.  

Конкистадор-әйел

Тарихта өздерін ер адам ретінде таныстырған 7 персонаж кім?

Тарихта аңыз ретінде айтылатын Каталина Эрасо персонажы шынайы өмірде болған. Өз ортасына Алонсо Диас Рамирес есімімен танылған конкистадор-әйел ерлердің көйлегін киіп, әскери шайқастарға қатысты. Кезекті шайқаста қатты жарақат алып, құпиясын ашуға тура келді. Осы оқиғадан кейін Каталино Эрасоның есімі Америка асты. Ең қызығы, Рим Папасының өзі оған ерлердің киімін киюге рұқсат берген екен.

Атты әскер құрамында болған жауынгер әйел

Тарихта өздерін ер адам ретінде таныстырған 7 персонаж кім?

Надежда Дурова көпшілікке танымал «Гусар балладасындағы» Шурочка Азарованың прототипі болды. Оның балалалық шағы атты әскерлердің ортасында өтті. Ең қызығы, бойжеткен өсе келе жасақ құрамындағы бір жігітке ғашық болып, үстіне сауыт киіп, жасақпен бірге шабылға аттанады. Көптеген шайқастарда Надежда көпшіліктен нәзіктілігімен ерекшеленді. Алада күндердің күнінде оның да құпиясы ашылып, Александр І патша бойжеткеннің әскери ортаға деген қызығушылығы мен жүректілігіне қайран қалып, оны қатарда қалуына рұқсат берді.  

Джаз орындаушы әйел

Тарихта өздерін ер адам ретінде таныстырған 7 персонаж кім?

Дороти Люсиль Типтон джаз ойнағанды қатты жақсы көрді. Алайда Доротиді жынысына байланысты ешкім жұмысқа алмады. Тығырықтан шығу үшін ол шашын қысқа қылып қидырып, ерлердің костюмін киіп, жұмысқа қабылданды. Бағына қарай ол сол ұжымда көп уақыт қызмет жасады.

Танк механигі

Тарихта өздерін ер адам ретінде таныстырған 7 персонаж кім?

Ұлы Отан соғысы кезінде майданға сұранған әйелдер қатары өте көп болды. Олардың қатарында Александра Ращупкина да бар еді. Әскери комиссариат оған бірнеше рет кері жауап беріп, рұқсат етпеді. Алайда, ол медициналық тексеріс барысында дәрігермен өзара келісіп, майданға еркек ретінде аттануға келіседі. Ращупкина Т-34 танкінің механик-жүргізуші болады. Егер Сашка есімді жігіт жарақат алмағанда оның құпиясы ашылмас еді.

Шығыстың қос шынары

Әлия Молдағұлова

Мәншүк Мәметова

Қазақтың тарихында да қоғамға өзін еркек ретінде таныстырмаса да, батырлығы ерлерге пара-пар қайсар қыздары болды. Тұмар патшайымнан  бастау алған қазақ қыздарының ерлігі Ұлы Отан соғысында қайталанды. Ел басына қауіп төнген қаһарлы соғыс жылдары елін, жерін қорғауға аттанып, мұз жастанып, қар кешкен, ерлермен қатар сапқа тұрған қазақтың қайсар қыздары майданда батыр бабалардың қанына тән қасиет танытып, ержүректілігімен бірге қайсарлығымен, алған беттерінен қайтпас табандылықтарымен келешек ұрпаққа өнеге болатындай із қалдырды. Бүкіл Орта Азия елдерінің ішінде Кеңес Одағының Батыры атағын алған қайсар қыздар – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ғана болды. Шығыстың қос шынары атанған батыр арулардың есімі тарих беттерінде мәңгі алтын әріптермен жазылатын болады.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға