Жаңалықтар

Тарихшылар ортақ тарихи кеңістікте бас қосты

Еуразиялық тарихшылар клубы
14.10.2015 09:33 5192

Астанада Еуразиялық тарихшылар клубының «Ортақ тарихи кеңістікте» атты отырысы өтті. Тарихшы мамандар бас қосқан жиынды Еуразиялық интеграция институты мен «Север-Юг» саясаттану орталығы ұйымдастырды.

Тарихшылар ортақ тарихи кеңістікте бас қосты

«Еуразиялық жас тарихшылар клубы» жобасын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының қолдауымен ресейлік «Север-Юг» саясаттану орталығы іске асырады. Жоба Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және ТМД-ның басқа елдерінің «тарихи қауымдастық өкілдерінің арасында кәсіби коммуникацияны дамыту» үшін пікірталас алаңын қалыптастыруға бағытталды.

Тарихшылар ортақ тарихи кеңістікте бас қосты

Бүгінгі жиынға Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген саясаттанушылар мен тарихшы мамандар сондай-ақ ҚР Парламент депуттары, ҚР Президент әкімшілігі өкілдері, халықаралық ұйымдар мен жастар бірлестігінен келген жас тарихшылар қатысты.

Отырыс барысында «Север-Юг» саясаттану орталығының атқарушы директоры Юлия Якушева сөз сөйлеп, ТМД және Еуропа елдеріндегі тарихи ғылымды дамытудың проблемалары мен перспективаларын сөз етті.  Достастық халықтарының ұлттық идеологиясы мен біртектілігін қалыптастырудың тарихтағы рөлін айта келе, биыл қазақ халқы ұлы ақын Абай Құнанбаев пен шығыстанушы, тарихшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың 170 жылдығын атап өтетіне тоқталды. Бұл айтулы даталар тек қазақ халқы үшін ғана емес, Ресей мен Еуразия кеңістігі үшін де маңызы зор, тарихи дата екенін айтты.

Тарихшылар ортақ тарихи кеңістікте бас қосты

– ТМД елдері тарихының методологиясын оқыту мәселесі тұр, – дейді «Север-Юг» саясаттану орталығының атқарушы директоры Юлия Якушева. – Сондықтан тарих тақырыбын қамтитын бағдарламаларды кеңейту керек. Тарих – болашақтың кепілі. 2015 жылы сонымен қатар БҰҰ-ның құрылғанына 70 жыл толып отыр. Осыған орай жоспарлағанымыздай бірқатар шаралар ұйымдастыратын боламыз.

Юлия Якушева «Еуразиялық жас тарихшылар клубы» жобасы болашақта аталмыш ортақ кеңістікке жататын елдерге қатысты тарихи даталардың күнтізбесін жасауды ұсынды. Ол сонымен қатар жиналған мамандарға Еуразиялық тарихшылар қоғамын құру жөнінде ұсыныс айтты. Экономикалық және қоғамдық байланысты үзбей, ТМД елдерінің тарихын әлі де бірлесе зерделеп,  құрметпен қарауға үндеді.

Тарихшылар ортақ тарихи кеңістікте бас қосты

Осыдан біраз уақыт бұрын Ресейдің Воронеж қаласында өткен отырыста еуразиялық жас тарихшылар клубы Ұлы Отан соғысы тарихының фактілерін бұрмалау және саясиландыру әрекетіне қарсы іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылаған болатын.

Тарихшылар ортақ тарихи кеңістікте бас қосты

Клубтың келесі отырысы осылайша Астана қаласында жалғасын тапты. Тарихшы мамандар ойларын ортаға салып, өз ұсыныстарын білдірді. Ал, Юлия Якушеваның «Еуразиялық тарихшылар қоғамын құрайық» деген ұсынысын бірқатар тарихшылар қолдағанымен қазақстандық мамандар бұл ұсынысты Қазақстанның тарихшылары алдымен өзара талқыға салып, ақылдасып шешетінін айтты.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттердің авторы Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға