Жаңалықтар

Тарихи мемориалдық кешен болып қалса екен – Абзал Құспан

Заңгер Абзал Құспан пікірін білдірді
Тарихи мемориалдық кешен болып қалса екен – Абзал Құспан
Фото: inform.kz 23.12.2022 18:58 2571

Мемориалдың ашылу салтанатында болған адвокат Абзал Құспан қаңтар сияқты оқиға ешқашан елімізде қайталанбаса екен дейді, деп хабарлайды El.kzақпараттық агенттігі. 

«Осы жерге келген әр азамат немесе қаламыздың тұрғындары бұдан бір ой түйсе екен. Бұл мемориал бірнеше бөліктен тұрады. Мұнда тұлғалардың қанатты сөздері берілген. Қазіргі таңда барлығын түсінемін. Әрине, ашынған халықты күнделікті өз құлағымен естіп, істерімен мейілінше айналысып, қолымнан келген көмегімді беріп жүрмін. Қаңтар айы қалай басталды, енді міне жылды қорытындылап жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін қаңтар құрбандарымен жұмыс жасау үстіндемін», - дейді. 

Мен жұмыс жасап жатқан қаңтар оқиғасының құрбандары бұл оқиғаның қайталануын қаламайды деді. 

«Тас түскен жеріне, ауыр деген сөз бар. Қасіретті қаңтардың ең зардабын тартып отырған бауыры, жан-жарынан, баласынан айырылып отырған жәбірленушілердің өзі де бұл қасіреттің қайталануын қаламайды. Олар да қанша дегенмен іштегі зары мен запыранын ақтарып, небір ауыр сөздерді айтып жатқанда осы сұрақты қоямын. Айтыңызшы, басқа да ата-ананың осылай еңіреп отырғанын қалайсыз ба дегенде, бәрі бірауыздан әрине, жоқ деп жауап береді», - дейді. 

Ол мұндай оқиғаның қайталануы елдің тыныштығын бұзушылар мен жауларға ғана қажет болуы мүмкін деп санайды. 

«Осыны мемлекет бір жақтан, қоғам болып екінші жақтан қолға алсақ жақсы болар еді. Бұл тарихи кешен бәріміздің есімізге салып тұрса деймін», - деді Абзал Құспан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға