Жаңалықтар

Тарихи алтын: қазақстандық фристайлшылар Азиадада топ жарды

Тарихи алтын: қазақстандық фристайлшылар Азиадада топ жарды
Фото: ҚР ҰОК 11.02.2025 09:37 205

Қазақстандық фристайлшылар тарихи алтынға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы фристайл-акробатикадан ел қоржынына екінші алтынды салды.

Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті. 

Жерлестеріміз 97.92 ұпай еншілеп, екінші және үшінші орындарды өзара бөліскен Қытай спортшыларын артта қалдырды. 

Еске сала кетейік, осыған дейін ақ Азиадада фристайл акробатикадан отандастарымыз алтын медаль алмаған. Бұған дейін күміс пен қола жүлде бұйырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға