Жаңалықтар

Тараздық тұрғынның бақшасынан есірткі өсімдігі тәркіленді

Тараздық тұрғынның бақшасынан есірткі өсімдігі тәркіленді
Фото: polisia.kz 19.09.2023 17:06 574

Тараздық тұрғынның бақшасынан есірткі өсімдігі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12 қыркүйек күні Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде “Канал-тосқауыл” халықаралық операциясы жүргізілді.

Шара барысында Тараз қаласының 48 жастағы тұрғынының бақшасынан жалпы салмағы 24 келі 300 гр болатын каннабис өсімдігінің 24 бұтағы табылды.

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға